САЙРАМДА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Сайрам ауданында 14-15 ақпан күндері аралас жекпе-жектен балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында республикалық ашық біріншілік өтті. Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында сайрамдық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аудан намысын абыроймен қорғады. Кіші жасөспірімдер арасында 33 келі салмақ дәрежесінде Ибраһим Қадырметов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Сонымен қатар, 62 келі салмақта Анзор Миласов және 45 келі салмақта Бекзат Қылышбек қарсыластарынан басым түсіп, спорт шеберлігіне үміткер талабын орындады. Ересектер арасында 60 келі салмақта Әбдікәрім Юлдашев жоғары шеберлік танытып, спорт шеберлігіне үміткер атанды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В САЙРАМЕ ПРОШЛО ОТКРЫТОЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ПЕРВЕНСТВО ПО СМЕШАННЫМ ЕДИНОБОРСТВАМ
14-15 февраля в Сайрамском районе прошло республиканское открытое первенство по смешанным единоборствам среди детей, подростков и взрослых. В соревнованиях приняли участие около 350 спортсменов со всей страны. В ходе соревнований сайрамские спортсмены добились высоких результатов и с честью защищали честь района. В весовой категории 33 кг среди юниоров Ибрагим Кадырметов с явным преимуществом победил соперника и успешно защитил чемпионский пояс.
Кроме того, Анзор Миласов в весовой категории 62 кг и Бекзат Кылышбек в весовой категории 45 кг превзошли соперников и выполнили требования кандидата в мастера спорта. В весовой категории до 60 кг среди взрослых Абдикарим Юлдашев проявил высокое мастерство и стал кандидатом в мастера спорта.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области