Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ
📍Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округіндегі Мәшһүр Жүсіп елді мекені тұрғындарының көптен күткен мәселесі оң шешімін тапты. Аудан әкімінің тұрғындармен өткізген кездесулері барысында елді мекендегі ауыз су тапшылығы мәселесі көтерілген болатын. Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген өзекті мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауына алынып, тиісті шаралар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекен аумағында 705 метр тереңдікте ауыз су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді. Жаңа ұңғыма ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
▪️Мәшһүр Жүсіп елді мекеніндегі су қоймасында ұңғыма қазу үшін 2025 жылдың қарашасында мердігермен келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда елді мекеніндегі су қоймасының аумағында тереңдігі 705 метр жаңа ұңғыма қазу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Осылайша, ауылдағы 6 көше, 139 үй таза ауыз суға қол жеткізді.
Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымын дамыту, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-----------------
ТУРКЕСТАН: В НАСЕЛЕННОМ ПУНКТЕ МАШХУР ЖУСИП РЕШЕН ВОПРОС ПИТЬЕВОЙ ВОДЫ
📍 Многолетняя проблема жителей населенного пункта Машхур Жусип, входящего в состав сельского округа Старый Икан Сауранского района Туркестанской области, нашла свое положительное решение. Вопрос дефицита питьевой воды неоднократно поднимался в ходе встреч акима района с населением. Эта актуальная проблема, остававшаяся нерешенной долгое время, была взята под личный контроль главы района, после чего были реализованы необходимые меры.
В результате проведенных работ на территории населенного пункта была пробурена и введена в эксплуатацию артезианская скважина глубиной 705 метров. Новое сооружение позволило обеспечить сельчан качественной и стабильной питьевой водой.
▪️ В ноябре 2025 года был заключен контракт с подрядчиком на разработку скважины на водохранилище в населенном пункте Машхур Жусуп и выполнены соответствующие работы. На сегодняшний день все работы по бурению скважины глубиной 705 метров завершены, объект передан в эксплуатацию. Благодаря этому жители шести улиц и 139 домов получили доступ к чистой питьевой воде.
Работа по развитию сельской инфраструктуры и созданию благоприятных условий для жизни населения региона будет продолжена.
Пресс-служба акима Туркестанской области