Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ
▪️Астанада ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында өткен жылдағы негізгі көрсеткіштер сараланып, биылғы жоспарлар бекітілді. Үкімет отырысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
▪️Маңызды жиында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өткен жыл қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Сонымен бірге ұлттық экономиканы тұрақты дамыту мен инвестиция тарту стратегиялары, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуді жеделдету, әлеуметтік саясат және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша шараларды күшейту мәселелері қаралды.
▪️Мәжіліс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы кезеңге арналған негізгі басым бағыттарға арнайы тоқталды. Президент Конституциялық реформаны жүйелі түрде іске асыру, экономиканы әртараптандыру және орнықты өсімді қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және инфляция деңгейін тұрақтандыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге жасанды интеллект мүмкіндіктерін толық әрі тиімді пайдалану, Салық кодексінің сапалы әрі түсінікті енгізілуін қамтамасыз ету, өңірлерде бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ аймақтардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігін айтты.
▪️Президент өз сөзінде цифрлық мемлекет құру, әлеуметтік саланы кешенді цифрландыру, Ұлттық құрылтай отырыстарында берілген тапсырмаларды уақтылы орындау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жұмысты жандандыру, ақпараттық жүйелерді жетілдіру, энергия тапшылығын жою және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін арттыру міндеттерін де белгіледі.
▪️Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалар және былтырғы Үкімет отырысындағы міндеттер бойынша Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Энергия тапшылығын жою және көліктік инфрақұрылымды дамыту саласында Президенттің тікелей қолдауымен өңір үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Қуаттылығы 1 000 мегаваттық бу-газ қондырғысы салынуда (800 млрд. тг). Қытайлық «China Energy» компаниясымен бірлесе қуаттылығы 300 мегаваттық күн электр станциясының құрылысы басталды (160 млрд.тг). Сонымен қатар 240 мегаваттық газ-турбиналы электр станциясының құрылысы биыл қолға алынды. Фосфорит, күкірт қышқылы және аффинаж зауыттарын салу жобалары іске асырылып жатыр. «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүруде. Жол инфрақұрылымы бойынша 821 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 94,8 пайызға жетті. 5 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысы басталды. Олар: Түлкібас, Арыс-2, Сарыағаш, Манкент және Темір станциялары. Қоғамдық көлік паркін жаңарту аясында, облыс орталығына қосымша 76 жаңа автобус, оның ішінде 14 электробус жеткізілді. Былтыр облыстың барлық елді мекендері 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілді. Газбен қамту деңгейі 88,9 пайызға жеткізілді.
▪️Президенттің және Үкіметтің қолдауымен 70 жылдан бері реконструкция жасалмаған Кентау жылу-энерго орталығын жаңғыртуға 20 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Әлеуметтік саясат бағытында, тұрғын үймен қамту шаралары жалғасып, жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрған азаматтарға 3 733 жаңа пәтер табысталған.
▪️Жасанды интеллектіні кеңінен қолдану және IT технологияларын дамыту жөніндегі тапсырмаға сәйкес, цифрлық трансформация мен адами капиталды дамыту бағытында нақты шаралар қабылдануда. Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның жетекші «Woosong» университетінің филиалы ашылды. Университет 2300 студентке есептелген. Қазіргі таңда, 178 студент, оның ішінде 70 шетелдік студент білім алуда.
▪️Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 95 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді (білім – 38, денсаулық сақтау – 34, мәдениет – 6, спорт – 17). Сонымен қатар ескек есу каналы және қолөнершілер орталығы секілді маңызы бар нысандар іске қосылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 29 мектеп толық іске қосылды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 34 нысан салынды. 2024 жылы 49 нысан берілген болатын. Ордабасы ауданында перинатальдық және Түркістан қаласында демеуші есебінен «Ана мен бала» орталықтарының құрылысы басталды. Сарыағашта көпбейінді аурухананың құрылысы қолға алынды. Медицина ұйымдары 60 жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтылды. Өңірде инфрақұрылымды жетілдіру, энергия көздерін дамыту, адами капиталды дамытып, бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОДОЛЖИТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ИСПОЛНЕНИЮ ПОРУЧЕНИЙ ПРЕЗИДЕНТА
В Астане прошло расширенное заседание Правительства Республики Казахстан под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева. На повестке дня стояли анализ ключевых показателей прошлого года и утверждение планов на текущий период. В работе совещания принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.
В ходе заседания был заслушан отчет Премьер-министра Олжаса Бектенова об итогах года. Также рассматривались вопросы стратегии устойчивого развития национальной экономики, привлечения инвестиций, ускорения цифровой трансформации и внедрения искусственного интеллекта. Особое внимание уделили мерам по усилению социальной политики и повышению качества жизни населения.
Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил ключевые приоритеты на предстоящий период, подчеркнув важность конституционной реформы, диверсификации экономики, развития человеческого капитала и стабилизации инфляции. Глава государства также акцентировал внимание на качественном внедрении Налогового кодекса, модернизации инженерной и социальной инфраструктуры регионов.
В своем выступлении Президент также обозначил задачи по созданию цифрового государства, комплексной цифровизации социальной сферы и своевременному исполнению поручений, данных на заседаниях Национального курултая. Кроме того, были поставлены задачи по активизации работы в сферах образования и здравоохранения, совершенствованию информационных систем, устранению дефицита энергии и повышению эффективности деятельности специальных экономических зон.
В Туркестанской области ведется системная работа по направлениям, которым Глава государства уделил особое внимание, а также в рамках задач, поставленных на заседании Правительства в прошлом году. При прямой поддержке Президента в целях ликвидации энергодефицита и развития транспортной инфраструктуры реализуется ряд крупных проектов стратегического значения для региона. Ведется строительство парогазовой установки мощностью 1 000 МВт (800 млрд тенге). Совместно с китайской компанией China Energy начато возведение солнечной электростанции мощностью 300 МВт (160 млрд тенге). Кроме того, в текущем году начато строительство газотурбинной электростанции на 240 МВт. Также реализуются проекты по строительству заводов по производству фосфоритов, серной кислоты и аффинажного завода. Активными темпами идет строительство железной дороги «Дарбаза - Мактаарал». В рамках развития дорожной инфраструктуры отремонтирован 821 км дорог, благодаря чему доля автодорог в хорошем состоянии достигла 94,8%. Начаты работы по реконструкции пяти железнодорожных вокзалов: станций "Тюлькубас", "Арысь-2", "Сарыагаш", "Манкент" и "Темир". В рамках обновления парка общественного транспорта в областной центр доставлено 76 новых автобусов, в том числе 14 электробусов. По итогам прошлого года все населенные пункты области на 100% обеспечены системами питьевого водоснабжения, а уровень газификации доведен до 88,9%».
При поддержке Президента и Правительства на модернизацию ТЭЦ Кентау, на которой не было реконструкции в течение 70 лет, было выделено более 20 млрд тенге. На сегодняшний день строительно-монтажные работы полностью завершены.
В направлении социальной политики продолжаются меры по обеспечению жильем: по итогам года гражданам, состоящим в очереди, были вручены 3 733 новые квартиры.
В соответствии с поручением по широкому применению искусственного интеллекта и развитию IT-технологий принимаются конкретные меры в области цифровой трансформации и развития человеческого капитала. В городе Туркестане открылся филиал ведущего южнокорейского университета Woosong. Университет рассчитан на 2 300 студентов. В настоящее время там обучаются 178 человек, в том числе 70 иностранных студентов.
В рамках развития социальной инфраструктуры введено в эксплуатацию 95 новых объектов (образование - 38, здравоохранение - 34, культура - 6, спорт - 17). Кроме того, запущены такие значимые объекты, как гребной канал и центр ремесленников. В рамках национального проекта «Комфортные школы» сданы в эксплуатацию 29 запланированных школ. По проекту «Модернизация сельского здравоохранения» построено 34 объекта (в 2024 году было сдано 49 объектов). В Ордабасинском районе начато строительство перинатального центра, а в Туркестане за счет спонсорских средств - центра «Мать и дитя». В Сарыагаше строят многопрофильную больницу. Медицинские организации обеспечены 60 новыми автомобилями скорой помощи. В регионе будет продолжена системная работа по совершенствованию инфраструктуры, развитию источников энергии и человеческого капитала для формирования конкурентоспособной среды.
Пресс-служба акима Туркестанской области