
2025 жылы Еркінабад және Нұрлы жол елді мекендерінде 200 орындық екі мектептің құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекенінде 600 орындық, Атакент кентінде 1500 орындық заманауи мектептер бой көтеріп, бүгінде оқушыларды қабылдап жатыр. Сондай-ақ жыл ішінде бес білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Мырзакент», «Мақтарал» гимназиялары мен «Жаңа жол», «Бапышев», «Сәтбаев» атындағы мектептердің ғимараттары толық жаңартылды.