Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЫП СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
📍Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм ал бойы 63 см болатын алып сәби дүниеге келді.
▪️Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған. Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған.
Бұл – ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі