КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӨНДІРІСТІК ЦЕХ ЛАЗЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ТЕМІР БҰЙЫМДАР ӨНДІРЕДІ
Келес ауданы Абай ауылында орналасқан «Келес Дәнекерлеу» цехы заманауи лазерлік технологияны пайдалана отырып, темірден түрлі бұйымдар әзірлейді. Лазерлік қондырғылармен толық жабдықталған цехта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 350 мың теңгені құрайды. Онда тұрғын үйлерге арналған темір қақпалар мен қоршаулар, ғимараттардың сыртқы сәндік бөлшектер, сондай-ақ мемлекеттік және жеке мекемелерге арналған логотиптер дайындалады. Бұйымдарға деген сұраныс тек Келес ауданымен шектелмейді. Тапсырыстар Түркістан облысынан бөлек, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан да түсуде.
Кәсіпорын иесі Сирожиддин Бабахановтың айтуынша, соңғы жылдары темірден жасалатын бұйымдарға деген сұраныс айтарлықтай артқан. Цехта сапаға ерекше мән беріледі. Алдағы уақытта кәсіпорын басшысы өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, цехты зауыт деңгейіне дейін кеңейту арқылы өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру көзделген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ ЦЕХ ПРОИЗВОДИТ ИЗДЕЛИЯ ИЗ ЖЕЛЕЗА ПО ЛАЗЕРНОЙ ТЕХНОЛОГИИ
Цех "Келес сварка", расположенный в селе Абай Келесского района, производит различные изделия из железа с использованием современных лазерных технологий. В цехе, полностью оборудованном лазерными установками, постоянно трудоустроено 10 человек. Среднемесячная заработная плата работников составляет 350 тыс. тенге. Он изготавливает железные ворота и ограждения для жилых домов, наружные декоративные детали зданий, а также логотипы для государственных и частных учреждений. Спрос на изделия не ограничивается Келесским районом. Заказы поступают из Туркестанской области, Алматы, Актау, Атырау.
По словам владельца предприятия Сирожиддина Бабаханова, в последние годы спрос на изделия из железа значительно вырос. В цехе особое внимание уделяется качеству. В дальнейшем руководитель предприятия планирует увеличить объемы производства и создать новые рабочие места. Кроме того, планируется увеличение производственного потенциала региона путем расширения цеха до заводского уровня.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области