Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІ БАР ЦИФРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
▪️Түркістан облысында жасанды интеллекті бар Цифрлық медициналық орталық ашу жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
▪️ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар республика бойынша жасанды интеллект, ПАКС жүйесін денсаулық сақтау саласында жүзеге асыру мақсатында тиісті міндеттер жүктелді. Осы орайда, өңірде жасанды интеллект жүйесін іске асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жүйені жүзеге асыру мақсатында мердігерлермен келісімшарт құжаттары рәсімделуде. Сонымен қатар «WDSOFT» мердігер өз қаражаты есебінен жасанды интеллекті бар Цифрлық медициналық орталық ашуды жоспарлап отыр. Аталған орталықта бірыңғай байланыс орталығы, жасанды интеллекті бар дауыстық роботтар, жасанды интеллекті бар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, ситуациялық орталықтар орналасады. Ал, PACS жүйесі сүт безі мен өкпе обырын, онкологиялық және басқа ауруларды ерте анықтауға және дәрігерлердің жұмысын оңтайландыруға үлкен үлес қосады.
▪️Облыс әкімі медицина саласын цифраландыру жұмыстарын жеделдетуді, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
📌– Медицина саласын цифрландыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу арқылы халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет. Әрбір медициналық ұйым қолжетімділік, ашықтық және тиімділік қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Елді мекендердегі учаскелік дәрігерлердің, мамандардың біліктілігін, қызмет сапасын көтеріңіздер. Денсаулық сақтау ұйымдарына тұрғындарды рұқсатсыз әрі заңсыз тіркенген емханаларға қатаң шара қабылдауды тапсырамын. Мұндай заңсыздықтарға жол беруге болмайды. Ана мен бала денсаулығын ерте қадағалауға алып, қауіпті жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізу керек, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
▪️Аппарат отырысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы Асхан Байдувалиевтің баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың қортындысымен медикодемографиялық көрсеткіштер тұрақты жағдайда. Бүгінгі таңда халықтың медициналық ұйымдарға тіркелу мәселесі өзекті. Басқарма тарапынан заңсыз тіркеу деректерін анықтау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылып, жіберілген кемшіліктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
▪️Биыл облыс көлемінде 262 бейінді дәрігер тапшылығы бар. Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен маман тапшылығын шешу мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында жоғары білімнен кейінгі оқу орындарында медициналық кадрларды резидентурада даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен 251 грант бөлінді. Жоғары оқу орындарын бітіретін резиденттер 2026 жылдан бастап 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен өңіріміздегі медициналық ұйымдарға жұмысқа орналаса бастайды. Атап айтқанда, 2026 жылы 36 резидент (2027 жылы 135 резидент, 2028 жылы 75 резидент) жоғарғы оқу орнын аяқтап, жұмысқа орналасады. Биыл да 75 маманды резидентурада оқыту үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлу жоспарлануда.
▪️Түркістан облысында заманауи талаптарға сай медициналық нысандар салынуда. Облыс орталығында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жалпы 227 дәрігер қызмет атқаратын болады. Бүгінде кадрларды дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде.
▪️Одан бөлек, Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталық, Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана салу жоспарланған. Бүгінде бұл нысандарда жер жұмыстары басталды. Сонымен қатар Арыс және Сауран аудандарынан 500 келушіге арналған аудандық емхана құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
▪️Ауылдық елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау нысандарының басым бөлігі 1970-1980 жылдары салынған немесе ыңғайластырылған ғимараттарда ораналасқан. Аталған нысандарды жаңарту мақсатында 2024 жылы 55 нысанның, 2025 жылы 35 нысанның құрылысы жүргізілді. Биыл бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін 20 медициналық нысанды салу қажеттілігі туындауда. Жаңа нысандарды жеке инвесторлар салған дайын ғимаратты сатып алу арқылы іске қосу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
------------------
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРОЕТСЯ ЦИФРОВОЙ МЕДИЦИНСКИЙ ЦЕНТР С СИСТЕМОЙ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА
▪️В Туркестанской области планируется открытие Цифрового медицинского центра с применением искусственного интеллекта. Об этом стало известно на аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова.
▪️Президент РК Касым-Жомарт Токаев объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта и поручил реализовать соответствующие мероприятия. В связи с этим перед здравоохранением республики поставлены задачи по внедрению систем ИИ и PACS. В регионе уже ведется активная работа в данном направлении: оформляется контрактная документация с подрядчиками. В частности, подрядная организация «WDSOFT» планирует за счет собственных средств открыть Цифровой медицинский центр. В нем разместятся единый контакт-центр, голосовые роботы и терминалы самообслуживания с ИИ, а также ситуационные центры. Внедрение системы PACS внесет большой вклад в раннее выявление рака молочной железы, легких и других онкологических заболеваний, значительно оптимизируя работу врачей.
▪️Аким области поручил ускорить цифровизацию медицины и активизировать работу по повышению качества услуг.
- Цифровизация медицины - одно из главных требований сегодняшнего дня. Мы должны поднять качество услуг на новый уровень. Каждая медицинская организация обязана руководствоваться принципами доступности и прозрачности. Повышайте квалификацию участковых врачей и специалистов в сельской местности. Поручаю принять строгие меры в отношении клиник, допускающих незаконное прикрепление жителей. Также необходимо усилить раннее наблюдение за здоровьем матери и ребенка, - отметил глава региона.
▪️На совещании был заслушан доклад руководителя областного управления здравоохранения Асхана Байдувалиева. По его словам, медико-демографические показатели по итогам 2025 года стабильны. Одной из актуальных проблем остается вопрос прикрепления населения к медорганизациям. Создана рабочая группа для выявления фактов незаконной регистрации.
▪️В этом году в области сохраняется дефицит 262 профильных врачей. По инициативе акимата для решения этой проблемы в период с 2023 по 2025 годы за счет местного бюджета выделен 251 грант на подготовку кадров в резидентуре. Выпускники начнут поэтапно трудоустраиваться в регионе с 2026 года: в первый год - 36 резидентов, в 2027-м - 135, в 2028-м - 75. В текущем году планируется выделить средства на обучение еще 75 специалистов.
▪️В области активно строятся современные медицинские объекты. В областном центре возводится многопрофильная больница на 570 коек, здесь будут работать 227 врачей.
▪️В селе Темирлан Ордабасинского района планируется перинатальный центр на 200 мест. В городе Сарыагаше начаты земельные работы по строительству многопрофильной больницы на 300 коек. В Арысском и Сауранском районах разрабатывается ПСД для поликлиник на 500 посещений.
Многие сельские объекты медицины были построены в 1970-1980-х годах. В рамках модернизации в 2024 году было построено 55 объектов, в 2025 году - 35. В этом году возникла потребность в строительстве еще 20 медицинских объектов, которые планируется запустить путем выкупа готовых зданий у частных инвесторов.
Пресс-служба акима Туркестанской области