Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
▪️29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алматы қаласында аралас жекпе-жектен мастерлік турнир және «Үздік бапкер» халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген спортшылар қатысып, жалпы саны 400-ге жуық қатысушы бақ сынады.
▪️Бұл дүбірлі додада Сайрам ауданының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 30 келі салмақ дәрежесінде Ибрахим Кадирметов – І орын, 40 келі салмақ дәрежесінде Жалал Алиев – І орын, 50 келі салмақ дәрежесінде Доснар Қанатұлы – І орын, 60 келі салмақ дәрежесінде Абдуарим Юлдашев – І орын, ал 40 келі салмақ дәрежесінде Юсуф Жусипов – ІІІ орын иеленді.
▪️Сонымен қатар 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Абдуарим Юлдашев мастер спорт нормативін орындап, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі