
2025 жылы мақта дақылы 35 132 гектар алқапқа егіліп, нәтижесінде 99 072 тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 28,2 центнерді құрады. Бақша дақылдары 13 387,8 гектар алқапқа орналастырылып, 313 274,5 тонна өнім алынды. Бұл бағыттағы орташа өнімділік гектарына 234,0 центнерге жетіп, саланың әлеуеті жоғары екенін көрсетті.