Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
📍Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қазақ күресінен 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар және 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар арасында Түркістан облысының чемпионаты өз жалауын көтерді. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен ауқымды жарыс Мырзакент кентіндегі заманауи спорт сарайында өтіп жатыр.
▪️Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға ізгі тілегін білдірді. Ол барлық қатысушыларға әділ бәсеке, сәтті белдесулер мен жарқын жеңістер тіледі.
▪️Салтанатты жиында жарыстың бас төрешісі бастаған төрешілер алқасы таныстырылды.
▪️Аталған облыстық біріншілікке Түркістан облысының 17 қала мен ауданынан келген 370-ке жуық спортшы қатысуда. Жас балуандар өзара мықтыны анықтау үшін бірнеше салмақ дәрежелері бойынша бақ сынайды.
▪️Төрт күнге созылатын чемпионат барысында тартысты белдесулер өтеді деп күтілуде. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып, облыс намысын республикалық деңгейде қорғайды.
▪️Айта кетейік, бұл жарыс жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттауға, спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық спорттың дамуына серпін беруге бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі