Жаңалық

Жаңалық
СОЗАҚТА КІШІ ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «TORLAN CUP» ТУРНИРІ ӨТТІ
Созақ ауданының орталығындағы «Шолаққорған» спорттық-сауықтыру кешенінде кіші футболдан республикалық «Torlan Cup» турнирі өтті. Дәстүрлі додаға Созақ ауданынан құралған командалармен қатар еліміздің өзге өңірлерінен келген барлығы 12 команда қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кету керек, «Torlan Cup» турнирі алғаш рет 2017 жылы «Торлан Строй» ЖШС-ң бастамасымен ауылдық деңгейде ұйымдастырылған. Бүгінде бұл жарыс республикалық мәртебеге ие болып, аудан орталығында бой көтерген жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде тартысты түрде өтті. Жарыс нәтижесінде «Құмкент» командасы үздік үштікті қорытындылады. Ал, финалдық кездесуде Алматы қаласының командасы мен Созақ ауылының командасы чемпиондық кубокты сарапқа салды. Нәтижесінде Созақ ауылының командасы басым түсіп, турнирдің чемпионы атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегер командалар, сондай-ақ турнирдің үздік ойыншылары «Торлан Строй» ЖШС ұжымы тарапынан арнайы естелік кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В СОЗАКЕ ПРОШЕЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО МИНИ-ФУТБОЛУ "TORLAN CUP"
В спортивно-оздоровительном комплексе "Шолаккорган" в центре Созакского района прошел республиканский турнир по мини-футболу "Torlan Cup". В традиционном соревновании наряду с командами Созакского района приняли участие 12 команд из других регионов страны, которые соревновались за призовые места. На открытии турнира выступил заместитель акима района Серик Маманов и пожелал участникам удачи.
Стоит отметить, что турнир "Torlan Cup" впервые был организован в 2017 году по инициативе ТОО "Торлан Строй" на сельском уровне. Сегодня это соревнование получило статус республиканского и прошло в новом спортивно-оздоровительном комплексе, возведенном в районном центре. По итогам соревнований команда "Кумкент" замкнула тройку лучших. В финальной встрече команда города Алматы и команда села Созак боролись за чемпионский кубок. В результате команда села Созак стала чемпионом турнира. Все команды-победители и призеры, а также лучшие игроки турнира были награждены специальными памятными кубками, медалями и ценными призами от коллектива ТОО "Торлан Строй".
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области