
– 2026 жылы «Ауыл аманаты» арқылы 15,3 млрд теңге қаражат тарту жоспарлануда. Бұл жақсы көрсеткіш, дегенмен 1 115 жаңа жоба бойынша 1400 ғана жұмыс орнын ашуды аз деп санаймын. Қаржыны алып, жоба бастаған кәсіпкерлер тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашулары қажет. Осы бағытта жұмыстарды жандандырып, нәтижесін баяндауды тапсырамын. Биыл бөлінген қаржы бағытталатын ауылдық округтер мен кооперативтер тізімі мен жоспарын бекітуді шұғыл қолға алып, 1-наурызға дейін аяқтаңыздар. Жоба бойынша бөлінген қаржы уақтылы әрі сапалы игеріліп, халықтың жағдайын жақсартуға тікелей әсер етуі тиіс. Жауапты басқармалар, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен аудан, қала әкімдіктері жұмысты ширатуы қажет, – деген Нұралхан Көшеров тиісті шараларды дұрыс атқармаған аудан, қала әкімдерінің есептерін тыңдады.