Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕДЕЛ БАСТАЛЫП КЕТТІ
Қардың түсуіне байланысты аудан аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстар жедел қолға алынды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен коммуналдық және жауапты мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
Қазіргі таңда аудан бойынша арнайы техникалар жұмылдырылып, республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар автомобиль жолдарында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әсіресе, әлеуметтік нысандарға, мектептер мен балабақшаларға, медициналық мекемелерге апаратын жолдарды ашық ұстауға ерекше мән берілуде.
Қар тазалау барысында жолдардың тайғақ болуына жол бермеу үшін қажетті инертті материалдар себіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Ауа райының күрт өзгеруіне жедел әрекет ету үшін қажетті техника мен адам күші толық дайындыққа келтірілді. Сонымен қатар тұрғындардан келіп түскен өтініш-тілектер мен хабарламалар жедел қаралып, қар басу қаупі бар аумақтарға ерекше назар аударылатын болады.
Жалпы, Мақтаарал ауданында қысқы кезеңді қалыпты өткізу үшін тиісті жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қар тазалау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алдағы уақытта да үздіксіз жалғасады.
Айта кетейік, аудан тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда мұқият болу ұсынылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі