САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ЖЕР ЖЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі аумағында марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан жер жырту жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы аталған жұмыстардың тиімді әрі сапалы орындалуына назар аударып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Негізгі мақсаты — марокко шегірткесін механикалық тәсілмен жою, олардың көбею ауқымын шектеу және ауыл шаруашылығы алқаптарына келетін зиянның алдын алу.
Сарыағаш ауданы аумағында аса қауіпті марокко шегірткесінің шағылысып, жұмыртқа салған жерлерін жою мақсатында жалпы көлемі 619 гектар алқапта жер жырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда аудан бойынша 156,7 гектар жер жыртылып, жоспардың 25 пайызы орындалды. Оның ішінде Әлімтауда — 52,5, гектар, Жылғада — 65 гектар, Дарбазада — 39,2 гектар алқапта жұмыстар атқарылған. Жер жырту жұмыстары 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ ВЕДУТСЯ РАБОТЫ ПО ВСПАШКЕ ПРОТИВ МАРОККАНСКОЙ САРАНЧИ
Аким Сарыагашского района Арман Абдуллаев ознакомился с ходом работ по вспашке против марокканской саранчи на территории сельского округа Дарбаза. Глава района обратил внимание на эффективное и качественное выполнение данных работ и дал конкретные поручения руководителям отрасли. Основная цель состоит в том, чтобы уничтожить марокканскую саранчу механическим способом, ограничить масштабы их размножения и предотвратить ущерб сельскохозяйственным угодьям.
На территории Сарыагашского района запланировано проведение пахотных работ на общей площади 619 гектаров с целью ликвидации мест размножения и откладывания яиц особо опасной марокканской саранчи. На сегодняшний день по району вспахано 156,7 га, выполнено 25% от плана. Из них в Алимтау — 52,5 га, в Жылге — 65 га, в Дарбазе — 39,2 га. Работы по вспашке ведутся поэтапно с 12 декабря 2025 года.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области