САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Сайрам ауданына қарасты Манкент және Қарасу ауылдарын жалғайтын Ақсу өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Аталған көпір жеңіл автокөліктердің қозғалысына арналған. Салтанатты ашылу рәсіміне Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Жаңа көпірдің пайдалануға берілуі - жол қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, көлік қозғалысын едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, Қарамұрт пен Ақбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары Шымкент қаласына аудан орталығын айналып өту мүмкіндігіне ие болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ВВЕДЕН В ЭКСПЛУАТАЦИЮ НОВЫЙ МОСТ
Полностью завершено и введено в эксплуатацию строительство моста через реку Аксу, соединяющего села Манкент и Карасу Сайрамского района. Данный мост предназначен для движения легковых автомобилей. В торжественной церемонии открытия приняли участие аким Сайрамского района Мадияр Оразалиев, жители и гости района.
Ввод в эксплуатацию нового моста не только повысит безопасность дорожного движения, но и значительно облегчит движение транспорта. Кроме того, жители сельских округов Карамурт и Акбулак получили возможность объехать районный центр в город Шымкент.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области