ШАРДАРА АУДАНЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
Шардара ауданында ірі инвестициялық мақта өңдеу зауыты салынбақ. Бұл жайында аудан әкімі Арман Қарсыбаев пен «AAN Group» ЖШС-ң төрағасы Әлімжан Бигелов арасында өткен кездесуде талқыланды. Жиын барысында инвестор Шардара ауданы аумағындағы Жаушықұм өңірінен жалпы көлемі 900 гектар жерге мақта егіп, оны өңдеу жоспарымен таныстырды. Аталған жоба аясында мақта өңдеу зауытын іске қосу көзделіп отыр.
«AAN Group» ЖШС қазіргі таңда жер асты суының құрамы мен қорын анықтау мақсатында зертханалық жұмыстар жүргізуде. Жобаның жалпы құны - 1 млрд теңге. Сонымен қатар, өндірілетін өнімнің 90 пайызы Еуроодақ, Қытай Халық Республикасы және ТМД елдерінің нарығына экспортталмақ. Аудан әкімі жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, оны іске асыру барысында аудан әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мұндай инвестициялық бастамалар Шардара ауданының индустриялық әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіні айтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ ПОСТРОЯТ КРУПНЫЙ ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ХЛОПКОПЕРЕРАБАТЫВАЮЩИЙ ЗАВОД
В Шардаринском районе будет построен крупный инвестиционный хлопкоперерабатывающий завод. Об этом обсудили на встрече акима района Армана Карсыбаева и председателя ТОО "AAN Group" Алимжана Бигелова. В ходе совещания инвестор ознакомил с планом возделывания хлопчатника в селе Жаушыкум Шардаринского района общей площадью 900 га. В рамках данного проекта планируется запуск хлопкоперерабатывающего завода.
ТОО "AAN Group" в настоящее время проводит лабораторные работы по определению состава и запасов подземных вод. Общая стоимость проекта - 1 млрд тенге. Кроме того, 90% производимой продукции планируется экспортировать на рынки стран Евросоюза, Китайской Народной Республики и СНГ. Аким района отметил важность проекта для региона и отметил, что в ходе его реализации будет оказана всесторонняя поддержка со стороны акимата района. Было отмечено, что такие инвестиционные инициативы позволят повысить индустриальный потенциал Шардаринского района, внедрить современные технологии, а также создать новые рабочие места.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области