ОРДАБАСЫДА ӨНДІРІС ОРНЫ ЖЫЛЫНА 35 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕДІ
Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылындағы «Рамазан-Агро» ЖШС суармалы жерлерде мақта егу және оны өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім ұсынумен айналысады. Бүгінде шаруашылықтың қарамағында 723 гектар суармалы жер бар. Кәсіпорын Түркиядан әкелінген жоғары сапалы мақта сорттарын егіп, жылына 4 500 тонна мақта жинайды. Жиналған өнім кәсіпорынның өз мақта өңдеу зауытында өңделіп, жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығы өндіріледі.
Қазіргі таңда шаруашылықта 77 тұрақты қызметкер еңбек етеді, ал маусымдық жұмыстар кезінде 300 адамға дейін жетеді. Бұл ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға айтарлықтай үлес қосуда. Серіктестік өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында заманауи ауыл шаруашылық техникаларын кеңінен қолданады. Кәсіпорынның меншігінде 120-дан астам техника бар, олардың қатарында “John Deere” маркалы мақта жинайтын комбайндар, тракторлар, тіркемелер, тиегіштер мен басқа да заманауи жабдықтар бар. Сонымен қатар, шаруашылық егістікке жаңбырлатып суару жүйесін орнатқан. Бұл инновациялық техника су ресурстарын үнемдеуге, сонымен қатар тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Рамазан-Агро» ЖШС өнімдері тек отандық нарықта ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. 2016–2017 жылдары серіктестік Чехияның “Cotton CZ S.R.O” компаниясымен келісімшарт жасап, тұрақты серіктестік орнатқан. Сонымен қатар, шаруашылықтың өнімдері Беларусь, Ресей және Молдова елдеріне экспортталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ОРДАБАСЫ ПРОИЗВОДСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ПРОИЗВОДИТ 35 ТЫС. ТОНН ХЛОПКОВОГО ВОЛОКНА В ГОД
ТОО "Рамазан-Агро" в селе Торткуль Ордабасинского района занимается предоставлением высококачественной продукции на внутренний и внешний рынок путем посева и обработки хлопка на орошаемых землях. На сегодняшний день в ведении хозяйства находится 723 гектара орошаемых земель. Предприятие прививает высококачественные сорта хлопка, импортируемые из Турции, и собирает 4 500 тонн хлопка в год. Собранная продукция перерабатывается на собственном хлопкоперерабатывающем заводе предприятия и производится до 35 000 тонн хлопкового волокна в год.
В настоящее время в хозяйстве трудятся 77 постоянных сотрудников, а при сезонных работах - до 300 человек. Это вносит значительный вклад в стабильную занятость сельского населения. Товарищество широко использует современную сельскохозяйственную технику для повышения эффективности производства. В собственности предприятия более 120 единиц техники, в том числе хлопкоуборочные комбайны марки “John Deere”, тракторы, прицепы, погрузчики и другое современное оборудование. Кроме того, хозяйство установило на полях дождевальную систему орошения. Эта инновационная техника позволяет экономить водные ресурсы, а также эффективно использовать удобрения.
Отметим, что продукция ТОО "Рамазан-Агро" пользуется высоким спросом не только на отечественном рынке, но и за рубежом. В 2016-2017 годах компания сотрудничала с чешской компанией "Cotton CZ S.R.O" заключила контракт и установила стабильное партнерство. Кроме того, продукция хозяйства экспортируется в Беларусь, Россию и Молдову.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области