Жаңалық

Жаңалық
САУРАНДА 500 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Сауран ауданының іскерлік орталығында заманауи талаптарға сай 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл - ауданның мәдени әлеуетін арттырып, тұрғындардың шығармашылық және қоғамдық өміріне жаңа серпін беретін маңызды әлеуметтік нысан. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әкім нысан сапасының талапқа сай орындалуы мен құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жоба бойынша мәдениет үйінің жалпы ауданы - 4 664,54 шаршы метр, ал құрылысқа берілген жер телімі - 1,27 гектар. Нысанның құрылысы 2025 жылы басталып, 2026 жылға өтпелі болып жоспарланған. Қазіргі таңда бетон және арматура жұмысын атқаратын 12 маман, қабырға қалау жұмысына жауапты 18 адам, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарында 3 маман жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, алаңда 2 автокран және 1 жүк артқыш трактор тұрақты жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В САУРАНЕ СТРОЯТ ДОМ КУЛЬТУРЫ НА 500 МЕСТ
В деловом центре Сауранского района интенсивно ведется строительство дома культуры на 500 мест, отвечающего современным требованиям. Это важный социальный объект, который повышает культурный потенциал района и придает новый импульс творческой и общественной жизни населения. Аким района Максат Тангатаров специально посетил строительную площадку и ознакомился с ходом проводимых работ. Он возложил конкретные поручения на ответственных специалистов в целях обеспечения надлежащего исполнения качества объекта и завершения строительных работ в установленные сроки.
Общая площадь дома культуры по проекту составляет 4 664,54 квадратных метра, а земельный участок под строительство - 1,27 гектара. Строительство объекта началось в 2025 году и запланировано на 2026 год переходным. В настоящее время работают 12 специалистов, выполняющих бетонные и арматурные работы, 18 человек, ответственных за кладку стен, а также 3 специалиста из числа инженерно-технических работников. Кроме того, на площадке постоянно работают 2 автокрана и 1 грузовой трактор.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области