Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫЛАРЫ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ! 🥊🇰🇿
Абай облысы, Семей қаласында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең үздік спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
Бұл байрақты бәсекеде Түркістан облысының құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Ерлер арасында қоржынға 3 алтын, 3 қола түссе, әйелдер арасында 1 алтын мен 1 күміс бұйырды.
Жекелей сындарда облыс спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Сәкен Бибосынов – 55 кг
🥇 Сағындық Тоғамбай – 90 кг
🥇 Нұрлан Сапарбай – +90 кг
🥉 Мұхамедсабыр Базарбайұлы – 70 кг
🥉 Аман Қонысбек – 75 кг
🥉 Даниял Сапарбай – +90 кг
Ал нәзікжандылар арасындағы сындарда да Түркістан облысының арулары үздіктер қатарынан көрінді:
🥇 Ұлжан Сәрсенбек – 57 кг
🥈 Аружан Жанабаева – 65 кг
Осылайша өңір боксшылары еліміздің басты чемпионатында өз шеберліктерін дәлелдеп, Түркістан боксының үздік екенін тағы бір мәрте айқындады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі