Жаңалық

Жаңалық
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы даланың жүрегі - Отырар: тарих, мәдениет, және дәуір» атты ғылыми - танымдық конференция өтті. Аудандық мәдениет сарайындағы тағылымды іс-шараға келушілер алдымен отырарлық белгілі қылқалам шебері Әділхан Мәліктің шығармашылығына негізделген «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының тұмары» сурет көрмесін тамашалады. Конференцияға отырарлық ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Серік Сейітман модераторлық етті.
Жиын барысында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Абай Балажан «Баспасөз – халықтың рухани азығы» тақырыбында баяндама жасап, «Отырар алқабы» газетінің өткені мен бүгінгіне тоқталды. Өлкетанушы, Отырар ауданының құрметті азаматы Бекжан Бейсенбай 30-дан астам ғұлама ғалымдар шыққан киелі өлкенің рухани орталығы болған «Отырар кітапханасы» туралы ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов, Отырар ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Әлімжан Құртаев, этнограф-ғалым, мәдениет қайраткері Абдулла Жұмашов тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі Отырардың әр кезеңдердегі даму тарихына тоқталып, мерейтойлық лебіздерін білдірді.
Іс-шара қонақтары тарихтың сан қатпарлы беттерінде алтын әріппен жазылған өлкенің 90 жылдық шежіресін түгендеп, өнегелі жолын келер ұрпаққа жеткізу мақсатында жарық көрген естелік кітаптің тұсаукесер рәсіміне қатысты. Ғылыми басқосуды Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қорытындылап, қатысушыларға алғыс айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ЧЕСТЬ 90-ЛЕТИЯ ОТЫРАРСКОГО РАЙОНА ПРОШЛА НАУЧНО-ПОЗНАВАТЕЛЬНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ
В рамках празднования 90 - летия Отырарского района состоялась научно-познавательная конференция "Сердце Великой степи - Отырар: история, культура, и эпоха". В районном Дворце культуры посетители впервые увидели художественную выставку "Древний и новый Отрар – талисман казахской истории", основанную на творчестве известного мастера кисти Адильхана Малика. Модератором конференции выступил приглашенный поэт, лауреат Международного фестиваля "Шабыт" Серик Сейтман.
В ходе совещания главный редактор областной общественно-политической газеты "Оңтүстік Қазақстан", кавалер ордена "Құрмет" Абай Балажан выступил с докладом на тему "Пресса – духовная пища народа" и рассказал о прошлом и настоящем газеты "Отырар алқабы". Краевед, почетный гражданин Отырарского района Бекжан Бейсенбай поделился научными открытиями о "Отырарской библиотеке", духовном центре священного края, из которого вышли более 30 ученых.
Государственный и общественный деятель Куаныш Айтаханов, Почетный гражданин Отырарского района, ветеран труда Алимжан Куртаев, ученый-этнограф, деятель культуры Абдулла Жумашов рассказали об истории развития священного Отырар на разных этапах.
Гости мероприятия приняли участие в презентации памятной книги, изданной с целью обобщения 90-летней летописи края, написанной золотыми буквами на многостраничных страницах истории и передачи нравственного пути следующим поколениям. В завершение научного совещания аким Отырарского района Кайрат Жолдыбай поблагодарил участников.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области