КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлер ауласын ретке келтіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Аталған жұмыстар аясында тұрғын үй аулаларындағы автомобиль жолдары, автотұрақтар мен аяқжолдардың асфальт жабындылары жаңартылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында шаһар басшысы Жандос Тасов Әл-Фараби көшесіндегі №55, 55а, 57, 59 және Абай даңғылындағы №10 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралады.
Жалпы 2025 жылға Кентау қаласы бойынша барлығы 7 көпқабатты тұрғын үй ауласын орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Жандос Қалмырзаұлы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В КЕНТАУ ВЕДЕТСЯ РЕМОНТ ДВОРОВ МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ
В целях приведения в порядок дворов многоэтажных жилых домов в городе Кентау проводится ряд работ. В этих целях обновляется асфальтовое покрытие автомобильных дорог, автостоянок и тротуаров в жилых дворах. В целях контроля за проводимой работой глава города Жандос Тасов посетил дворы многоквартирных жилых домов №55, 55а, 57, 59 по улице Аль-Фараби и №10 по проспекту Абая.
Всего на 2025 год запланирован средний ремонт 7 многоэтажных жилых дворов по городу Кентау. Жандос Калмырзаулы отметил, что работа, направленная на повышение качества жизни горожан, будет продолжена системно.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области