Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстандағы АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркинмен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар туризм мен білім беру салаларын дамыту бойынша өзара әріптестік жайлы пікір алмасып, ой бөлісті. Өңір басшысы америкалық компаниялардың Түркістан облысында тиімді әрі ұзақмерзімді жұмыс жүргізуі үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
✔️Нұралхан Көшеров қонақтарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Атап айтқанда, жалпы аумағы 4 000 гектарды құрайтын «TURAN» арнайы экономикалық аймағының қызметі мен мұндағы салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылымдық қолдау тетіктері таныстырылды. Сонымен қатар шағын индустриялық парктердің дамуы, кәсіпкерлерге арналған тиімді шарттар да назардан тыс қалмады. Бүгінгі таңда облыста 20 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр.
📌– Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойындағы ынтымақ пен өркендеудің мекені. Бүгінгі таңда тарихи қала тек түркі дүниесінің рухани астанасы ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикалық өсімінің маңызды орталығы саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Бұл шешім қаланың туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға зор мүмкіндік туғызды. Біз агроөнеркәсіп, терең өңдеу, білім беру, туризм және жер қойнауын пайдалану салалары бойынша инвестиция тартуға басымдық беріп келеміз. Түркістан америкалық бизнес үшін сенімді серіктес болады деп сенемін. Ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімді, өзара тиімді әрі табысты боларына сенемін, – деді әкімі Нұралхан Көшеров.
✔️Сонымен қатар өңір басшысы Түркістан облысының табиғи ресурстарға бай екенін атап өтті. Мұнда уран, алтын, темір кені, көмір және фосфориттің мол қоры бар. Қолайлы климаттық жағдай ауыл шаруашылығымен жыл бойы тұрақты айналысуға мүмкіндік береді. Бүгінде Түркістан облысы республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде көш бастап тұр. Сонымен қатар ет экспорты бойынша да жетекші орында: еліміздегі сиыр еті экспортының 80%-ы мен қой еті экспортының 75%-ы Түркістан облысының үлесінде.
✔️Өз кезегінде АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, Түркістан облысын екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды өңірлердің бірі ретінде атап өтті. Консул аймақтың тарихи-мәдени мұраларына, туризм саласын дамытудағы әлеуетіне және болашақ экономикалық даму бағыттарына жоғары баға беріп, даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ білім саласында тәжірибе алмасуға ниетті екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар бірлескен жобалар мен серіктестік мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
✔️Түркістан облысы – Қазақстандағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі. Өңірде тарихи-мәдени мұралар, көркем табиғат және заманауи сауықтыру кешендері бар.
Түркістан халықаралық әуежайы жыл сайын 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Туризм саласын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары қарастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВСТРЕТИЛСЯ С ГЕНЕРАЛЬНЫМ КОНСУЛОМ США
✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров провел официальную встречу с Генеральным консулом США в Казахстане Мишель Еркин. В ходе встречи были обсуждены возможности двустороннего сотрудничества в экономической, инвестиционной и культурно-гуманитарной сферах. Стороны обменялись мнениями о взаимном партнерстве по развитию туризма и образования. Глава региона отметил, что будут созданы все условия для эффективной и долгосрочной работы американских компаний в Туркестанской области.
✔️Н. Кушеров рассказал гостям о приоритетах социально-экономического развития региона и возможностях для инвесторов. В частности, была представлена информация о деятельности специальной экономической зоны TURAN общей площадью 4000 гектаров, налоговых льготах и механизмах инфраструктурной поддержки. Также было уделено внимание развитию малых индустриальных парков и выгодным условиям для предпринимателей. На сегодняшний день в области функционируют 20 индустриальных зон.
✔️"Туркестан - это место дружбы и процветания на Великом Шелковом пути. Сегодня исторический город является не только духовной столицей тюркского мира, но и важным центром экономического роста нашей страны. По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в этом году городу Туркестану присвоен особый статус. Это решение открыло большие возможности для повышения туристического потенциала города, привлечения инвестиций и сохранения историко-культурного наследия. Мы уделяем приоритетное внимание привлечению инвестиций в агропромышленный комплекс, глубокую переработку, образование, туризм, недропользование. Я верю, что Туркестан станет надежным партнером для американского бизнеса. Надеюсь, наше сотрудничество будет долгосрочным, взаимовыгодным и успешным", - сказал глава региона.
✔️Кроме того, аким отметил, что Туркестанская область богата природными ресурсами. Здесь имеются большие запасы урана, золота, железной руды, угля и фосфоритов. Благоприятные климатические условия позволяют заниматься сельским хозяйством круглый год. Сегодня область лидирует по производству сельскохозяйственной продукции в республике. Также она занимает ведущее место по экспорту мяса: на долю Туркестанской области приходится 80% экспорта говядины и 75% экспорта баранины в стране.
✔️Генеральный консул США Мишель Еркин поблагодарила за оказанное гостеприимство и назвала Туркестанскую область одним из важных регионов в развитии двустороннего сотрудничества. Консул высоко оценила историко-культурное наследие региона, потенциал развития туризма и будущие направления экономического развития, а также проявила интерес к ряду проектов в концепции развития. Она также выразила готовность к обмену опытом в сфере образования. В завершение встречи стороны заявили о готовности рассмотреть совместные проекты и возможности партнерства.
✔️Туркестанская область - одно из самых привлекательных туристических направлений в Казахстане. Регион богат историко-культурными памятниками, живописной природой, современными оздоровительными комплексами. Международный аэропорт Туркестана ежегодно обслуживает более 3 млн пассажиров. В целях развития туризма государством предусмотрены льготы и программы поддержки.
Пресс-служба акима Туркестанской области