
Биыл Түркістан облысының аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 289 нысан немесе 1235,6 шақырым жолдар мен көшелер қамтылады. Жыл соңына дейін 233 нысан немесе 951,4 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделуде. Нақтырақ айтқанда, 24 нысан немесе ұзындығы 225,2 шақырым облыстық маңызы бар жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, биыл оның ұзындығы 105,6 шақырымды құрайтын 17 нысаны пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 24 нысан немесе 130,7 шақырым аудандық маңызы бар жолдар күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ. Жыл қорытындысымен ұзындығы 53,7 шақырымды құрайтын 13 нысан пайдалануға беріледі. Елді мекендерде ұзындығы 885,6 шақырымды құрайтын 240 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 202 нысан немесе 792,1 шақырым жолдағы жұмыстар аяқталады. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 140 елді мекенде 91 нысан немесе 395,5 шақырым көшелер қамтылады. Биыл 87 нысан немесе 375,6 шақырым көше ел игілігіне беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.