Жаңалық

Жаңалық
ТҮЛКІБАСТА БАСКЕТБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
 
Түлкібас ауданында 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында Түлкібас ауданы әкімдігінің ашық кубогі өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 8 команда қатысты. Қызылорда мен Жамбыл облыстарының, Түркістан, Кентау және Арыс қалаларының, Созақ, Түлкібас, Отырар аудандарының спортшылары FIBA-ның бекітілген халықаралық ережелері негізінде өткізілген жарыста жоғары деңгейдегі ойын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды – Түлкібас ауданының ардагер спортшылары, ІІ орынды – Қызылорда облысының баскетболшылары, ІІІ орынды – Кентау қаласының спортшылары алды.
Аудан әкімдігі мен спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл жарыс – ардагерлердің белсенді өмір салтын насихаттауға, салауатты өмір салтын ұстануға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Турнир соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________