Кентау қаласының тұрғыны Ұлықбек Рахымжанұлы қоқыс қалдықтарын өңдеумен айналысады. Атап айтқанда, кәсіпорын тұрмыстық пластик қалдықтарды қайта өңдейді. Өндіріс орны 2024 жылы 800 мың тонна өнім өндірген.
«Биылғы мақсат – дайын өнімдерді тек шетелге ғана экспорттау емес, қайта өңделген пластикті өз елімізде тиімді пайдалану. Қазіргі таңда мекемеде 25 қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдаланып, экономикалық пайда әкелуге бағытталған»,- дейді кәсіпкер.