КЕНТАУДА ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «JAS SPORT FEST» АТТЫ ЖАРЫС ӨТТІ
Кентау қаласында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Jas Sport Fest» атты жастарға арналған спорттық жарыс өтті. Шара – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қала жастары арасындағы ынтымақты арттыруға, сондай-ақ құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған. Жарыс аясында садақ, тир және дартстан командалық сайыстар өтті.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынға «Қорған», 2-орынға «Алау», 3-орынға «Сұңқар» командалары ие болды. Сонымен қатар, «үздік садақшы», «үздік көз мергені», «үздік нысана шебері» және «үздік көздеуші» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі