Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп тауарлары мен оқу құралдарының жәрмеңкесі өтті. Шараға арнайы қатысқан қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындармен бірге сөрелерді аралап, оқу құралдарының сатылымын бақылады. Онда аудан кәсіпкерлерімен қатар, өңірдегі басқа аудан, қалалардан 20-дан астам кәсіпкер келіп мектеп киімдері мен қажетті жабдықтарды жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада ұсынды.