Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
✔️Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келіп, су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысқан болатын.
✔️Үкімет басшысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде қолға алынған жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады.
📌– Соңғы жылдардағы ауа райының құрғақ болуы мен су көлемінің азаюына байланысты ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Сондықтан біз су үнемдеу технологияларын енгізуге күш салудамыз. Су нысандарын реттеу, салу жұмыстары да бақылауда тұр, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов
«Шардара» су қоймасын көрді. Сонымен бірге «Көксарай» су реттегіш нысанын да қадағалады. Жауаптыларға ағын сумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды.
✔️«Мемлекет басшысы көктемгі және еріген қар суын жинап, оны егістікке тиімді пайдалану үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Таяу уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен қамтамасыз етілетін болады. Трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты біз ішкі су қорларын барынша пайдалану үшін қосымша су қоймаларын салу жолдарын қарастыруымыз қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-------------------
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ РАБОТЫ ПО РЕМОНТУ ВОДНЫХ ОБЪЕКТОВ И ВОДОСНАБЖЕНИЮ
✔️В Туркестанскую область с рабочим визитом прибыл Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов. Он ознакомился с состоянием водохранилищ, ходом работ по реконструкции гидротехнических сооружений и проводимыми мерами по устойчивому водоснабжению южных регионов страны.
✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров доложил главе Правительства о проектах и дальнейших планах, реализуемых в регионе.
📌 - В связи с засушливыми погодными условиями и уменьшением объема воды в последние годы проблема полива становится все актуальнее. Поэтому мы прилагаем усилия для внедрения водосберегающих технологий. На контроле находятся работы по регулированию и строительству водных объектов, - сказал Нуралхан Кушеров.
✔️Премьер-министр побывал на водохранилище "Шардара" и водорегулирующем объекте "Коксарай". Ответственным лицам поручено усилить работу по водоснабжению.
✔️"Глава государства дал поручение построить 20 новых плотин, провести капитальный ремонт не менее 15 водохранилищ для сбора весенней и талой воды и эффективного ее использования на полях. В ближайшее время благодаря тому, что через водохранилища ”Байдибек ата“ и ”Боралдай“ в водохранилище ”Боген" дополнительно подано 113 миллионов кубометров воды, город Туркестан будет обеспечен гарантированным водоснабжением. Объем воды, поступающей из трансграничных источников, из года в год сокращается. В связи с этим мы должны рассмотреть пути строительства дополнительных водохранилищ, чтобы максимально использовать внутренние водные ресурсы», – отметил Олжас Бектенов.
Пресс-служба акима Туркестанской области