Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 32 БІРЛІК ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ
✔️Келес ауданында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа техникалар пайдалануға берілді. Шараға аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындар игілігі үшін алынған техникаларды салтанатты түрде табыстады.
📌– Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Бүгін пайдалануға берілген техникалар осы бағыттағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтереді. Халықтың игілігіне қызмет ететін бұл техникалар күнделікті өмір сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді аудан басшысы.
✔️Жалпы саны 32 бірлік техника кілті табысталды. Атап айтқанда 9 трактор, 9 тіркеме, 3 жүк тиегіш және 11 үш дөңгелекті мотокөлік (трицикл) кіреді. Бұл техникалар «Келес Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілді. Жаңа техника аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге, көше-жол желісін күтіп ұстауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылдырылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
--------------
ТУРКЕСТАН: В КЕЛЕСЕ РАБОТНИКАМ КОММУНАЛЬНОЙ СФЕРЫ ВРУЧИЛИ 32 ЕДИНИЦЫ НОВОЙ ТЕХНИКИ
✔️В Келесский район, в целях укрепления материально-технической базы коммунальных служб, завезли новую спецтехнику. Глава района Жанибек Агыбаев торжественно вручил ключи от приобретенной спецтехники и отметил, что такая мера направлена на создание комфортных условий для жителей.
📌 - Качественное и оперативное обслуживание населения - наша главная задача. Введенная сегодня спецтехника выведет работы на новый уровень. Она будет способствовоать повышению качества повседневной жизни, - сказал глава района.
✔️Всего в район завезли 32 единицы новой спецтехники. Это 9 тракторов, 9 прицепов, 3 погрузчика и 11 трехколесных мототранспортов (трициклов). Данная техника передана коммунальному государственному учреждению "Келес Қызмет". Они будет мобилизована для проведения санитарных работ на территории района, содержания улично-дорожной сети, а также предупреждения чрезвычайных ситуаций.
Пресс-служба акима Туркестанской области