Жаңалық

Жаңалық
ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНДА ТҰҚЫ БАЛЫҒЫН АУЛАУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
✔️Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында тұқы балығын спорттық аулаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спорттық балықшы командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында әділ әрі тартысты ойын өтті.
⤵️Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға төмендегі командалар ие болды:
І орын – «GT» командасы, Астана қаласы
ІІ орын – «JB» командасы, Түркістан облысы
ІІІ орын – «Fishing Shym» командасы, Түркістан облысы
✔️Өңірде бұл жарыстың маңыздылығы артқан. Себебі 2029 жылы дәл осы Шардара су қоймасы тұқы балығын спорттық аулаудан Әлем чемпионатына ресми түрде таңдалып отыр. Бұл – Шардара өңірінің табиғи әлеуеті мен спорттық инфрақұрылымының халықаралық деңгейге сай екенін айқындайды.
✔️Сонымен қатар жеңімпаз командалар 2026 жылы Македония Республикасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Мұндай халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстар – еліміздегі спорттық балық аулау мәдениетін дамытуға, экологиялық туризмді ілгерілетуге және өңірдің халықаралық имиджін арттыруға үлкен үлес қосады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-----------------
В ШАРДАРИНСКОМ ВОДОХРАНИЛИЩЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ КАЗАХСТАНА ПО ЛОВЛЕ КАРПА
✔️На Шардаринском водохранилище прошел чемпионат Республики Казахстан по спортивному отлову карпа. В соревновании приняли участие лучшие спортивные рыбацкие команды из разных регионов страны. Чемпионат был организован на высоком уровне, честная и напряженная игра привлекла внимание многих.
⤵️По итогам конкурса призовые места заняли следующие команды:
І место - команда GT, Астана.
ІІ место - команда JB, Туркестанская область.
ІІІ место - команда Fishing Shym, Туркестанская область.
✔️В регионе возросла значимость этого чемпионата. В 2029 году именно Шардаринское водохранилище официально выбрано местом проведения чемпионата мира по спортивной ловле карпа. Это свидетельствует о соответствии природного потенциала и спортивной инфраструктуры Шардаринского региона международному уровню.
✔️Команды-победители нынешнего чемпионата получили возможность принять участие в чемпионате мира в 2026 году, который пройдет в Македонии.
✔️Такие соревнования международного и национального уровня вносят большой вклад в развитие культуры спортивного рыболовства в стране, продвижение экологического туризма и повышение международного имиджа региона.
Пресс-служба акима Туркестанской области