Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР МЕН ӨЗІНДІК КІРІСТЕРДІ АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
✔️Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 4,5 трлн. теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108%-ды құрады. Өзіндік кірістердің жалпы өңірлік өнім ішіндегі үлесі 4,9% болды. Өзіндік кірістерді арттыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістерді ұлғайту, түсімді көбейту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
✔️Мәжілісте Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаевтың есебі тыңдалды.
✔️Түркістан облысы бойынша 01.07.2025 жылға жергілікті бюджеттің салықтық түсімдердің бекітілген жоспары – 106 млрд. теңге болса, нақты түскені 121,4 млрд. теңгеге жетті (жоспардың орындалуы 114,6%). Өсу қарқыны – 132,3% немесе 29,6 млрд. теңгеге өскен. Әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесінде биылғы 6 ай қорытындысымен салықтық түсімдер бойынша Түркістан облысында өсу қарқыны 132,3%-ды құрап, өңір республика көлемінде 1 орынға шыққан.
✔️Дегенмен салық саласында әлі де өзекті мәселелер бар. Осы проблемалар ашық айтылды. Мәселен, жекеменшік балабақшалар саны мемлекеттік балабақшалардан бірнеше есе көп болса да, салықтары бірдей көлемде болып тұр. Сонымен бірге Төлеби, Сарыағаш аудандарында демалыс орындары көбейгенімен салық түсімі артпаған. Осы және өзге мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
ТУРКЕСТАН: РАССМОТРЕЛИ ВОПРОС ПОВЫШЕНИЯ НАЛОГОВЫХ ПОСТУПЛЕНИЙ И СОБСТВЕННЫХ ДОХОДОВ
✔️По итогам 2024 года в Туркестанской области валовой региональный продукт достиг 4,5 трлн тенге, индекс физического объема по сравнению с 2023 годом составил 108%. Доля собственных доходов в валовом региональном продукте составила 4,9%. Вопрос повышения собственных доходов обсудили на совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова. Глава региона поручил руководителям ответственных управлений и акимам районов и городов усилить работу по созданию производств и увеличению собственных доходов.
✔️На заседании были заслушаны доклады руководителя управления экономики и бюджетного планирования Туркестанской области Каната Кайыпбека и руководителя департамента государственных доходов по Туркестанской области Максата Нурахаева.
✔️При утвержденном плане налоговых поступлений в бюджет Туркестанской области в размере 106 млрд тенге по состоянию на 1 июля 2025 года фактически поступило 121,4 млрд (исполнение плана 114,6%). Темп роста - 132,3%, или 29,6 млрд тенге больше. В результате работы по администрированию темпы роста налоговых поступлений в Туркестанской области по итогам шести месяцев этого года составили 132,3%, и регион занял первое место в республике.
✔️Тем не менее, в налоговой сфере все еще имеются проблемы. Так, несмотря на то, что количество частных детских садов в несколько раз превышает количество государственных, налоги остаются в том же объеме. Кроме этого, в Толебийском и Сарыагашском районах количество мест отдыха не увеличилось, поэтому не было дополнительных доходов. По этим и другим вопросам даны соответствующие поручения.
Пресс-служба акима Туркестанской области