САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА 24 ГЕКТАР КАРТОП АЛҚАБЫНА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗГЕН
Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округі аумағында орналасқан 24 гектар алқапта картоп өнімін жинау жұмыстары жүргізілуде. Ондағы алқапқа тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Аталған бастама өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, егіс алқабында болды. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, шаруамен тілдесті. Өнім жинау барысы, технологиялық үдеріс пен болашақтағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Аудан әкімі тамшылатып суғару әдісінің тиімділігі мен су ресурстарын үнемдеудегі маңызын атап өтті.
Аталған жоба «South Products» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба қуаттылығы жылына 800 тонна картоп өндіруге бағытталған. Егістікке өнімділігімен және сапасымен ерекшеленетін танымал голландиялық «сантэ» сорты егілген. Шаруа қожалықта 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
САРЫАГАШСКИЙ КРЕСТЬЯНИН ВНЕДРИЛ ТЕХНОЛОГИЮ КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ НА 24 ГЕКТАРАХ КАРТОФЕЛЬНОГО ПОЛЯ
На площади 24 га, расположенной на территории сельского округа Акжар Сарыагашского района, ведутся работы по уборке урожая картофеля. В поле там внедрен капельный метод орошения. Данная инициатива повышает сельскохозяйственный потенциал региона, оказывает положительное влияние на занятость местного населения и обеспечение продовольственной безопасности.
Аким района Арман Абдуллаев посетил Акжарский сельский округ с рабочей поездкой. Он ознакомился с проводимой работой, пообщался с крестьянами. Обменялись мнениями о ходе сбора продукции, технологическом процессе и планах на будущее. Аким района отметил важность метода капельного орошения в эффективности и экономии водных ресурсов.
Данный проект реализуется ТОО "South Products". Проект направлен на производство 800 тонн картофеля в год. На поле прививают популярный голландский сорт "Сантэ", отличающийся урожайностью и качеством. В крестьянском хозяйстве постоянно работают 30 местных жителей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области