
«Шаруа қожалығымыз өз негізін 2017 жылы қалады. 2018 жылы арнайы Украина мемлекетінен «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Преображение», «Академик», «Дубовский» сынды 9 жүзім сортының көшетін алдырып, 40 гектар алқапқа отырғызып шықтық. Алқапқа егілген жүзімнің барлығы асханалық сортқа тиесілі. Жүзім бағымызға тамшылатып суғару әдісін қолданамыз. Өндірілген өнімді қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы мен мегополис Шымкент қаласына жөнелтіп жатырмыз. Сол екі қала арқылы республика көлеміндегі барлық қалаға таратылуда. Жетісайдың жүзімі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие» дейді «Erte-Agro» ЖШС төрағасы Сұлтан Ерболұлы.