ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «СОЗАҚТАН - ТҮРКІСТАНҒА» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Елтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарының қатысуымен «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-ң баспасөз орталығының жетекшісі Сәбит Тастанбекұлы баяндады.
«Бұл экспедицияға өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Сапар аясында облысы аумағын екіге бөліп жатқан Қаратау тауын теріскейден күнгей бағытында жүріп өту көзделді. Экспедиция өз мақсатын жоғары деңгейде орындады деуге болады. Тарихи деректерге сәйкес, бұл жолды Кенесары хан әскерімен уақытты үнемдеу және қысқарту үшін пайдаланған. Экспедицияға қатысушы түрлі этнос жастарын тарихи маршрутты қайта жаңғыртуға, Қаратаудың флора мен фаунасын зерттеуге, фото-бейнетүсірілім жасап, қалың бұқараға жария етуге тікелей қатыстыру болды. Сонымен қатар, аталған маршрутты картаға түсіріп, алдағы уақытта келетін туристерге жол белгілеп беру»-деді спикер.
Сондай-ақ баспасөз жиынында «Turkistan Media Holding» ЖШС-ң басқарушы директоры Тельман Бейсен сапар аясында алған әсерімен бөлісті.
«Экспедиция барысында қатысушылар ең бірінші Қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ қалашығымен танысты. Одан кейін Қарабура әулие кесенесі, Шайхы Ахмет мешіті тарихы туралы жергілікті ақсақалдардан мағлұмат алды. Күнгейге барар жолда саяхатшылар Хақназар хан, Мұхаммед Ханафия кесенелері, Балықшы, Бөгенбай, Құлметей әулиелерге, мың жылдық тұт ағашы өсіп тұрған және Тайқазан құйылған Қарнақ ауылына кіріп, соңында Түркістан қаласына жеттік. Ұзақтығы 110 шақырымға жуық жолды қатысушылар 2 күнде жүріп өтті. Этнос жастарының айтуынша, бұған дейін естіп-көрмеген тарихи-мәдени нысандарды тану арқылы қазақ халқының рухани және ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп, жаңа туристік маршрутты ашуға тікелей қатысу - туған жер тарихына деген қызығушылын арттыра түсті»-деді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОРГАНИЗОВАНА ЭКСПЕДИЦИЯ "СОЗАК-ТУРКЕСТАН"
К 30-летию образования Ассамблеи народа Казахстана в рамках культурно-просветительского проекта «Елтану» была организована специальная экспедиция с участием молодежи этносов "Созак- Туркестан". Об этом сообщил руководитель пресс-центра КГУ "Қоғамдық келісім" управления общественного развития Сабит Тастанбекулы.
"В экспедиции приняли участие активные члены "Молодежи Ассамблеи" региона, руководство и сотрудники КГУ "Қоғамдық келісім" управления общественного развития Туркестанской области и представители СМИ. В рамках визита было предусмотрено проехать служба северной стороны хребта Каратау до южной, разделяющей территорию области на две части. Экспедиция выполнила свою задачу на высоком уровне. Согласно историческим данным, этот путь Кенесары хан использовал для экономии и сокращения времени с армией. Целью непосредственго участия в рядах экспедиции молодежи различных этносов стали возрождение исторического маршрута, изучение флоры и фауны Каратау, проведение фото-видеосъемки и освещение широкой общественности. Кроме того, нанесение на карту данный маршрут и обозначить дорогу туристам, которые приедут в ближайшее время", - рассказал спикер.
Также на пресс-конференции управляющий директор ТОО "Turkistan Media Holding" Тельман Бейсен поделился впечатлениями в рамках поездки.
"В ходе экспедиции участники ознакомились с первой столицей Казахского ханства городищем Созак. Затем они услышали от местных аксакалов об истории мавзолея святого Карабура, мечети Шайхи Ахмета. По пути путешественники посетили мавзолеи Хакназар хана, Мухаммеда Ханафии, святых Балыкшы, Богенбай, Кульметей, Жаманбай батыра, тауже село Карнак, где растет тысячелетнее тутовое дерево и был отлит Тайказан, и, наконец, добрались до города Туркестан. Путь протяженностью около 110 километров участники прошли за 2 дня. По словам молодежи этносов, благодаря увиденному ранее невиданных историко-культурных объектов, проникновению духовных и национальных ценностей казахского народа и непосредственному участию в открытии нового туристского маршрута - у них повысился интерес к истории родного края", - подчеркнул Т.Бейсен.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области