Жаңалық

Жаңалық
📍🏗🌊Түркістан облысында 76 шақырымнан астам канал бетондалды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 13 каналға реконструкция жасалды. Оның ішінде 76,3 шақырымы бетондалды, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты.
Бүгінде каналда әрлеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді.
Өңірге сапары аясында министр Жоғарғы Ақсу су торабының жұмысымен танысты. Нысан Сайрам ауданының диқандарын суармалы сумен қамтамасыз етеді. Бүгінде су торабынан секундына 7 текше метр су жіберіліп жатыр.
Нұржан Нұржігітов Сайрам ауданының диқандарымен және «Тұран су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Ведомство басшысы елімізде су шаруашылығын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.
🗣«Түркістан облысының диқандарын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Бәйдібек ата су қоймасы салынып жатыр. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін Сайрам ауданында суармалы сумен қамту мәселесі толық шешіледі. Дегенмен шаруалар су үнемдейтін жүйелерге көшуі керек. Бұл - заман талабы. Елімізде су үнемдеу жүйелерін сатып алу шығыны 80%-ға дейін өтеледі. Ұңғыма қазу үшін де 80% субсидия қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолдау бар, енді соны пайдалану керек»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Одан кейін министр «Сайрам-су» су бөгетіне барды. Нысан Сайрам-су өзенінің ағынын реттеп, оң және сол жағалау магистральдық каналдары арқылы 8 760 гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ «Тоғыз» су қоймасына қосымша су жібереді.
Министр Түркістан облысының «Қазсушар» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 69 техника алды, оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор және т.б. бар. Филиалға жалпы саны 133 техника бөлінді, енді қалғаны жыл соңына дейін жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.
📍🏗🌊Более 76 км каналов забетонировали в Туркестанской области
В Тулькибасском районе Туркестанской области реконструировали 13 каналов общей длиной более 108,7 км. Из них более 76,3 км были забетонированы, 32,4 км – прошли механизированную очистку. С результатами работ лично ознакомился министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.
На сегодня ведутся работы по отделке и очистке каналов. В результате реконструкции будет заново освоено 8 632 га посевных площадей, а общая площадь орошаемых земель района достигнет 16 832 га.
В рамках поездки в регион министр также ознакомился с работой Верхне-Аксуского гидроузла. Объект обеспечивает поливной водой фермеров Сайрамского района. Сегодня из гидроузла сбрасывается 7 кубометров воды в секунду.
Нуржан Нуржигитов встретился с аграриями Сайрамского района и специалистами предприятия «Туран су». Глава ведомства рассказал о проводимой работе по развитию водного хозяйства страны.
🗣«Для стабильного обеспечения аграриев Туркестанской области поливной водой строится водохранилище «Байдибек-ата». После ввода объекта в эксплуатацию в Сайрамском районе будет полностью решен вопрос орошаемого водоснабжения. Однако крестьянские хозяйства должны перейти на водосберегающие технологии. Это требование времени. Сейчас субсидируются до 80% затрат на приобретение водосберегающих систем. На рытье скважин также предусмотрены субсидии в размере 80%. Есть поддержка со стороны государства, теперь нужно ею воспользоваться»,
– отметил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.
Далее министр посетил плотину «Сайрам-су». Объект регулирует сток реки Сайрам-су и обеспечивает поливной водой 8 760 га земель через Правобережный и Левобережный магистральные каналы. Также подает дополнительную воду в водохранилище «Тогыз».
Кроме того, министр принял участие в церемонии вручения ключей от новой спецтехники Туркестанскому филиалу «Казводхоза». Филиал получил 69 единиц техники, в том числе экскаваторы-погрузчики, гусеничные экскаваторы, прицепы, водовозы, самосвалы, автокран, тяговое и навесное оборудование, дизельный генератор и др. В общей сложности филиал получит 133 единицы техники, оставшееся оборудование будет доставлено до конца года.
Напомним, в настоящее время продолжается оснащение филиалов РГП «Казводхоз» по всей стране новым оборудованием. На сегодня филиалы предприятия получили 439 единиц спецтехники и автотранспорта из запланированных 757.