Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды.
– Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын күшейту керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егілген көшеттердің сапасын қадағалау қажет. Бұл ретте жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері арасында жүйелі байланыс орнатылуы тиіс. Әрбір әкімдік өкілдері қажетті көшетті тұқымбақтан өздері қадағалап, уақтылы алып кетсін. Көшетті арнайы қағидаға сәйкес отырғызып, сумен қамту, желден қорғау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Барлық аудан, қалада өз тұқымбақтары болуы қажет. Осы бағытта тұқымбақ орналасатын жерді анықтап, нақты жұмыс жүргізіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Жиналыста Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, биыл облыстың аудан, қалаларына жалпы 1 миллионан астам көшет егу жоспарланып отыр. Көктем айларында 439 965 түп көшет егілді. Одан бөлек аудан, қала әкімдіктерінің бюджеті және демеушілер есебінен 69874 түп көшет алынып, жалпы көктемгі маусымда 510 мың түпке жуық көшет отырғызылған. Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн көшет отырғызу іс-шарасына сәйкес, 801 елді мекеннің 90% көгалдандыруға 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған.
✔️Облыс бойынша аудан, қала аумақтарында 2024 жылдың күзі және 2025 жылдың көктемінде отырғызылған көшеттердің жалпы өнімділігі 63,5 пайызды құрайды. Арыс, Түркістан қалалары, Созақ, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарынан көшеттердің өнімділігі жоғары және сапалы. Ал Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Жетісай аудандарында берілген көшеттер дер кезінде алынып, отырғызу жұмыстары жүйелі жүргізілмеген. Қоршау және суару жұмыстары нашар деңгейде, көшеттердің өнімділіктері төмен. Кентау қаласы және Мақтарал, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төле би аудандарында басқармаға қарасты мекемелерден алынған көшеттерге тиісті күтіп-баптау жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған.
✔️Арыс қаласында көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі күнге 50-60% елді мекендерді өздері өндірген көшеттермен қамтамасыз етуде. Талапқа сәйкес суару жүйелері, қажетті техникалық құралдарымен және арнайы цехтармен қамтамасыз етілген. Суаруға күндізгі және түнгі ауысымдар арқылы кезекшіліктер ұйымдастырылған. Күтіп-баптау жұмыстары жақсы деңгейде. Осы тәжірибені барлық аудан, қалада енгізу бойынша тапсырма берілді.
✔️Мәжілісте аймақтағы қоқыс полигондарын реттеу мәселесі де талқыланды. Жауапты тұлғалардың есептері мен пікірлері тыңдалды. Бүгінде облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орны белгіленген. Оның 70%-ы санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні анықталған. Қолданыстағы полигондарды санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылы 3 полигонның құрылысына облыстық бюджеттен 598 млн. теңге қаржы бөлінді. «Қазақстан Ғарыш Сапарының» түсірілімі нәтижесінде бей-берекет қоқыс тасталған 107 нүкте (8 ауданда) анықталып, 81-і жойылған. Қоқысты өңдеу, полигондарды реттеу бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————-
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ И РЕГУЛИРОВАНИЮ МУСОРНЫХ ПОЛИГОНОВ НАХОДЯТСЯ НА СТРОГОМ КОНТРОЛЕ
✔️На совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова обсудили актуальные вопросы и работы по благоустройству населенных пунктов. Глава региона поручил ответственному руководителю управления и акимам районов и городов систематизировать и активизировать работу.
- В области необходимо усилить работы по озеленению населенных пунктов. Есть недостатки в посадке деревьев. Нужно следить за качеством привитых саженцев. При этом должна быть установлена системная связь между ответственным управлением и акимами районов и городов. Пусть представители каждого акимата самостоятельно отслеживают и своевременно забирают необходимые саженцы из семенников. Поручаю сажать саженцы в соответствии со специальными правилами, усилить работы по поливу деревьев и их защите от ветров. В каждом районе и городе должны быть свои семенники, - сказал Нуралхан Кушеров.
✔️На совещании заслушали отчет руководителя управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области Кайрата Абдуалиева. По его словам, в этом году в районах и городах планируется высадить в общей сложности более 1 млн саженцев. За весенние месяцы высадили 439 965 саженцев. Кроме того, за счет средств бюджетов акиматов и спонсоров посажены 69 874 саженца. В целом за весенний сезон высажено около 510 тысяч саженцев.
✔️Туркестанской области в рамках мероприятий по посадке 1,1 млн саженцев в 2021-2025 годах планируется высадить около 4 млн деревьев для озеленения 90% 801 населенного пункта.
✔️Общая урожайность саженцев, высаженных осенью 2024 года и весной 2025 года на территориях районов и городов, составляет 63,5% Высокая и качественная урожайность саженцев наблюдается в городах Арыс и Туркестан, Созакском, Келесском, Ордабасинском, Шардаринском районах. А в Сарыагашском, Байдибекском, Отырарском и Жетысайском районах поставленные саженцы были своевременно изъяты: посадка не проводилась систематически, работы по ограждению и поливу деревьев находятся на плохом уровне, урожайность саженцев низкая. В городе Кентау и в Мактаральском, Сауранском, Сайрамском, Тюлькубасском и Толебийском районах не налажены надлежащие работы по содержанию саженцев, полученных от подведомственных учреждений управления.
✔️В Арыси работы по озеленению ведутся систематически. На сегодняшний день 50-60% населенных пунктов района обеспечивают саженцами собственного выращивания. Оросительные системы обеспечены необходимыми техническими средствами и специальными цехами. Дежурства организованы в дневную и ночную смены. Работы по уходу саженцев находятся на хорошем уровне. Дано поручение внедрить арысский опыт во всех районах и городах региона.
✔️На совещании также обсуждался вопрос регулирования мусорных полигонов. Были заслушаны отчеты и мнения ответственных лиц. На сегодняшний день на территории области установлено 128 полигонов для утилизации твердых бытовых отходов. 70% из них не соответствуют санитарно-экологическим нормам. В целях приведения действующих полигонов в соответствие с санитарно-экологическими нормами разработаны 16 проектов, получено заключение государственной экспертизы. На строительство трех полигонов в 2024 году из областного бюджета было выделено 598 млн тенге. В результате съемок "Қазақстан Ғарыш Сапары" выявлены 107 несанкционированных свалок (в восьми районах), ликвидирована 81 из них. Работы по переработке мусора и регулированию полигонов продолжается.
Пресс-служба акима Туркестанской области