
Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Түркістан қаласының «Жастар» командасы иеленді. Жүлделі 2-орын Сауран ауданының «Асыл мұра» командасына бұйырды. Ал 3-орынға Арыс қаласының «Hope Livers» командасы қанағат тұтты. 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге қаржылай сыйақылар табысталды. Сондай-ақ қалған қатысушы командаларға ынталандыру сыйлығы ретінде 50 мың теңге және арнайы сертификаттар үлестірілді.