Жаңалық

Жаңалық
САРЫАҒАШТА ҮЛГІЛІ АУЫЛ АТАНҒАН МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНДА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысында елді мекендер арасында өткен «Үлгілі ауыл» байқауында ІІ орынды иеленген Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет елді мекенінде жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
-Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың сүйікті ортасына айналсын. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын. Бұл тек бір нысан емес, бұл — ауылдың болашағына салынған инвестиция. Балаларымыздың дені сау, ал ауылымыз көркейе берсін,- деді аудан басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В САРЫАГАШЕ ВВЕДЕНА В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ИГРОВАЯ ПЛОЩАДКА В ОБРАЗЦОВОМ СЕЛЕ МАДЕНИЕТ
В Туркестанской области введена в эксплуатацию новая спортивная и детская игровая площадка в населенном пункте Мадениет Сарыагашского района, занявшем ІІ место в конкурсе «Образцовый аул» среди населенных пунктов. Аким района Арман Абдуллаев принял участие в церемонии открытия объекта и поздравил жителей села.
- Будущее нашей независимой Родины в руках молодого поколения. Пусть сегодняшняя площадка станет излюбленной средой для любящей спорт широкой публики, особенно молодежи. Пусть в будущем появятся олимпийские чемпионы Азии, мира, которые будут защищать честь нашей республики. Это не просто один объект, это инвестиции в будущее села. Пусть наши дети будут здоровы, а село процветает, - сказал глава района.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области