Жаңалық

Жаңалық
ОТЫРАРЛЫҚ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ АТТАНДЫ
Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Осыған орай, отырарлық балалардың бірінші легі Түлкібас ауданына қарасты Келтемашат шатқалындағы «Отырар» балалар жазғы сауықтыру лагеріне аттанды. Балаларды демалыс аймағына шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Шарада ата-аналар балалардың демалыс уақытын тиімді өткізуіне қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын айтты.
Жалпы биыл аудандағы 31 жалпы білім беретін мектептен 1050 бала жазғы демалысқа жіберілмек. Әр ауысымда 150 баладан демалады деп көзделген. Жазғы демалыс - оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеп, демалыс уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге бағытталған. Сондай-ақ, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту мақсатында қолға алынған.
Айта кетейік, Түркістан облысында алғашқы онкүндікте «Болашақ», «Тау шыңы», «Үркер» жазғы сауықтыру лагерлерінде 1 мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып үлгерген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
РЕБЯТА ИЗ ОТЫРАРА ОТПРАВИЛИСЬ В ЛЕТНИЙ ЛАГЕРЬ
В Туркестанской области начался летний оздоровительный сезон. В связи с этим, первый поток отырарских детей отправился в детский летний оздоровительный лагерь "Отырар" в ущелье Кельтемашат Тюлькубасского района. В церемонии проводки детей в зону отдыха принял участие заместитель акима района Айдос Кулмаханов и пожелал успехов учащимся. На мероприятии родители поблагодарили акимат района за поддержку в эффективном проведении детьми досуга.
Всего в этом году 1050 детей из 31 общеобразовательной школы района будут направлены на летние каникулы. Предусмотрено, что в каждую смену станут отдыхать 150 детей. Летние каникулы направлены на сплочение учащихся, эффективное и содержательное проведение досуга. Кроме того, они обучаются правилам безопасности, формируют здоровый образ жизни, совершенствуют духовные и культурные знания, развивают традиции и обычаи.
Отметим, в Туркестанской области за первую декаду в летних оздоровительных лагерях "Болашак", "Тау шыңы", «Уркер» уже зачислено в первую смену более 1 тысячи детей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области