Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
✔️Түркістан облысы, Түлкібас ауданында балаларға арналған жаңа заманауи ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл игілікті іс – өскелең ұрпақтың дені сау, белсенді әрі бақытты болып өсуіне жасалған нақты қадам.
✔️Түлкібас кентінде бой көтерген нысанда талапқа сай кіші футбол алаңшасы, қауіпсіз жабын төселген аумақта соңғы үлгідегі сырғанақтар мен әткеншектер, жаттығу құралдары қарастырылған.
✔️Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, кент тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
✔️Жалпы бүгінгі таңда аудандағы 59 елді мекенде мектеп маңы мен округ орталықтарында 63 шағын футбол және ойын алаңшалары, 2 стадион және 3 жекеменшік жабық футбол манежі бар.
✔️Айта кетерлік, биыл аудан орталығындағы халқы көп шоғырланған «Көкжайлау» ықшам ауданы мен Сейдалиев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің алдына балалар ойын алаңшасын соғу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-----------------
ТУРКЕСТАН: В ТЮЛЬКУБАСТЕ ВВЕДЕНА В ЭКСПЛУАТАЦИЮ СОВРЕМЕННАЯ ДЕТСКАЯ ИГРОВАЯ ПЛОЩАДКА
✔️В Тюлькубасском районе Туркестанской области введена в эксплуатацию новая современная детская игровая площадка. Этот важный шаг направлен на то, чтобы подрастающее поколение росло здоровым, активным и счастливым.
✔️На новой площадке, расположенной в посёлке Тюлькубас, предусмотрены мини-футбольное поле, безопасное покрытие, современные горки и качели, а также спортивные тренажёры, соответствующие требованиям безопасности.
✔️В торжественной церемонии открытия объекта приняли участие аким района Аскар Естибаев и председатель районного маслихата Сергали Сарсенбаев, которые разделили радость с жителями поселка.
✔️В настоящее время в 59 населённых пунктах района обустроены 63 мини-футбольные и игровые площадки возле школ и в центрах округов, а также функционируют 2 стадиона и 3 частных крытых футбольных манежа.
✔️Следует отметить, что в этом году запланировано строительство новых детских игровых площадок в густонаселённом микрорайоне «Кокжайлау» и перед многоквартирными домами по улице Сейдалиева в районном центре.
Пресс-служба акима Туркестанской области