Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ 703 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ДӘРІЛЕНДІ
✔️Бүгінгі таңда Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы нақты 703 мың гектар дәріленген. Оның ішінде, 367,7 мың гектары жоспарға сай жүзеге асса, 335,2 мың гектарында қосымша анықталған алқаптар бойынша жұмыс демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқарылды.
✔️Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес, Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді.
✔️Бақылаушылар негізгі ошақтардың жойылғанын, ендігі кезекте экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасып жатқанын баяндады. Арыстағы Қожатоғай ауыл округінде Басқарбек шаруашылығының аймағы, Сарыағаш ауданында Әлімтау, Жылға, Дарбаза ауыл округтерінің белгіленген аймақтары, Келесте Жиделі ауылының жайылым жерлері, Ақтөбе, Жамбыл ауыл округтерінің белгіленген аймақтары күнделікті қадағаланып, қажеттілігіне қарай химиялық өңдеу жүргізілуде. Бәйдібек ауданының Жамбыл облысы, Сарысу ауданымен шекаралас алқаптарында кезекші техникалар жұмыс атқаруда. Анықтаушылар мониторинг нәтижесімен, жалпы 437 гектар аймақты залалсыздандыруға ұсынды.
✔️Облыс әкімінің орынбасары аудандарда анықтаушылардың қатарын толықтыруды тапсырды. Техникалардың кезекшілігі тұрақты қадағалауда болатынын ескертті. Сондай-ақ, жауаптыларға көршілес Өзбекстанмен шектесетін аймақтарды күнделікті бақылауды, зерделеу нәтижесінің есебін күнделікті тапсыруды жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-----------------
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБРАБОТАНО 703 ТЫСЯЧИ ГЕКТАРОВ ЗЕМЕЛЬ ПРОТИВ САРАНЧИ
✔️На сегодняшний день в Туркестанской области против саранчи обработано 703 тысячи гектаров. Из них 367,7 тыс. га — в соответствии с планом, а 335,2 тыс. га — дополнительно, по выявленным площадям, благодаря поддержке спонсоров.
✔️Сегодня заместитель акима области Нурбол Турашбеков провел очередное заседание штаба в Келесском районе в рамках рабочего плана.
✔️Наблюдатели сообщили, что основные очаги были ликвидированы, и в настоящее время продолжается обработка участков, не достигающих экономического порога вредоносности. В селе Кожатогай Арысского округа, в Сарыагашском районе — в округах Алимтау, Жылга, Дарбаза, в Келесе — пастбища села Жидели, а также в округах Актобе и Жамбыл ежедневно контролируются и, при необходимости, подвергаются химической обработке. На приграничных с Жамбылской областью (район Сарысу) участках Бейнебекского района работают дежурные технические средства. По результатам мониторинга определители предложили обеззаразить в общей сложности 437 гектаров.
✔️Заместитель акима области поручил увеличить число определителей в районах, отметил, что дежурство техники будет находиться под постоянным контролем. Также ответственным лицам было поручено ежедневно проверять и отчитываться по результатам обследования участков, граничащих с Узбекистаном.
Пресс-служба акима Туркестанской области