Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Түркістан өңірінің өнерпаздары Түркия мемлекетінің Анталья қаласында VІ Халықаралық «Yörük Türkmen» мәдениет фестивалінде өнер көрсетеді. 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін шара Түркі елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға бағытталған.
Бұған дейін фестиваль қатысушылары мен ресми өкілдердің қатысуымен форум өтті. Оған Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров қатысты. Халықаралық дәрежедегі шарада Қазақстанның атынан Түркістан музыкалық драма театры мен «Саялы Сарыағаш» этно-ансамблі қатысып, еліміздің бай мәдениеті мен өнерін таныстырады.
Анталья қаласының мэрі Мухитдин Бөжек айтулы іс-шараға қатысып, баяндама жасады. Форумға шетелдің 21 өкілі, ал Түркияның әртүрлі өңірлерінен 26 басшы қатысты. Бұл форумның мақсаты - көшпелі және жергілікті мәдени мұраны сақтап, түркі дүниесінің арасында тұрақты, мәдениетке негізделген ынтымақтастық желісін құру.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
ТУРКЕСТАНСКИЕ АРТИСТЫ ВЫСТУПЯТ НА МЕЖДУНАРОДНОМ ФЕСТИВАЛЕ В ТУРЦИИ
Артисты Туркестанской области выступят на VІ Международном фестивале культуры «Yörük Türkmen» в турецком городе Анталья. Мероприятие, которое пройдет с 30 мая по 1 июня, направлено на укрепление культурных связей тюркских стран.
Ранее состоялся форум с участием участников фестиваля и официальных представителей. В нем приняли участие руководитель отдела Управления культуры Туркестанской области Мукагали Кенжетайулы и директор областного центра культуры и народного творчества Мейржан Алиакбаров. Казахстан на международном уровне представляют Туркестанский музыкально-драматический театр и этно-ансамбль "Саялы Сарыагаш", представляющие богатую культуру и искусство страны.
Мэр Антальи Мухитдин Божек принял участие в знаменательном мероприятии и выступил с докладом. В форуме приняли участие 21 представитель из-за рубежа и 26 руководителей из разных регионов Турции. Цель данного форума - сохранение кочевого и местного культурного наследия и создание устойчивой, основанной на культуре сети сотрудничества между тюркским миром.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области