Жаңалық

Жаңалық
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінде елді мекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округке қарасты Көктал елді мекенінде 5 дана электр бағаналарын, оған қоса ұзындығы 200 метрлік электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардан кейін елді мекенге қарасты 17 тұрғын үй сапалы электр желісімен қамтылды.
Бүгінде Әлімтау елді мекенінде 8 дана бағананы жаңарту, 350 метр электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 180-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Айта кетсек, аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналардың орнына бетон бағаналар орнатылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ ВЕДЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ КАЧЕСТВЕННОЙ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ
В Алимтауском сельском округе Сарыагашского района ведутся строительные работы с целью обеспечения жителей населенных пунктов качественной электроэнергией. В населенном пункте Коктал сельского округа проведены работы по обновлению электропроводки в количестве 5 штук, включая 200-метровую электрическую сеть. После данных работ 17 жилых домов в населенном пункте обеспечены качественной электросетью.
На сегодняшний день в населенном пункте Алимтау ведутся работы по обновлению 8 столбов, ремонту 350 метров электрических сетей. После завершения строительных работ около 180 жилых домов будут обеспечены качественной электроэнергией. Стоит отметить, что вместо устаревших деревянных столбов на улицах данного населенного пункта установлены бетонные столбы.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области