Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
✔️Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың қатысуымен Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
✔️Аталған шараға еліміздің 20 өңірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары, және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты.
✔️Жиын барысында ана өлімін төмендету, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылымды жаңарту, телемедицина мен цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланып, әр аймаққа жетекші орталықтардан үйлестірушілер бекітілді. Жиын барысында қатысушылар №3 орталықтағы неонаталдық, телемедициналық, диагностикалық бөлімдердің жұмысымен танысты.
✔️Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысындағы жетекші медициналық мекеме – №1 Облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, мекеменің ана мен бала денсаулығы бағытындағы жұмысымен танысты. Мұнда 2025 жылдың алғашқы 4 айында 2335 босану тіркеліп, 542 кесар тілігі жасалды.
✔️Айта кетейік, мұндағы жаңа технологиялар мен «Дені сау ана» пансионаты, Катамнез кабинеті, триаж жүйесі сынды жаңашылдықтар орталықтың жұмыс тиімділігін арттыратын мүмкіндіктеріне айналған. Сондай-ақ, өткен жылы ашылған Ұрықты қорғау орталығы (ЦОП) мен клинико-диагностикалық зертхана жүкті әйелдер мен сәбилерге жоғары дәлдікпен медициналық қызмет көрсетіп келеді. Орталық бүгінде Түркістан облысының 8 ауданына кураторлық және санитарлық авиациялық көмек көрсетіп, өңірлік медицинаның дамуы қарқын алған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-------------------
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСИЛЕНА РАБОТА ПО УЛУЧШЕНИЮ ЗДОРОВЬЯ МАТЕРИ И РЕБЕНКА
✔️Сегодня в областном перинатальном центре №3 города Туркестана с участием вице-министра здравоохранения Ержана Нурлыбаева прошел республиканский круглый стол «Охрана здоровья матери и ребенка – ядро совершенствования перинатальной помощи».
✔️В мероприятии приняли участие специалисты здравоохранения из 20-ти регионов страны, а также заместитель акима Туркестанской области Бейсенбай Тажибаев и руководитель областного управления здравоохранения Асхан Байдувалиев.
✔️В ходе совещания были обсуждены вопросы снижения материнской смертности, укрепления кадрового потенциала, обновления инфраструктуры, развития телемедицины и цифровизации, утверждены координаторы из ведущих центров для каждого региона. Участники ознакомились с работой неонатального, телемедицинского и диагностического отделений в центре №3.
✔️Также Премьер-министр РК посетил ведущее медицинское учреждение Туркестанской области - областной перинатальный центр №1, где ознакомился с работой учреждения в области здоровья матери и ребенка. За первые четыре месяца 2025 года здесь было зарегистрировано 2335 родов и 542 кесарева сечений.
✔️Отметим, новые технологии и нововведения, такие как пансионат "Здоровая мама", кабинет катамнеза, система сортировки способствовали повышению эффективности работы центра. Кроме этого, центр защиты плода (ЦОП) и клинико-диагностическая лаборатория, открывшиеся в прошлом году, предоставляют высокоточные медицинские услуги беременным женщинам и младенцам. Сегодня центр оказывает кураторскую и санитарную авиационную помощь восьми районам Туркестанской области. Развитие региональной медицины набирает обороты.
Пресс-служба акима Туркестанской области