Жаңалық

Жаңалық
ШАРДАРАЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҮШІНШІ БАСПАНАНЫ СЫЙЛАДЫ
Шардара ауданында игі шаралар жалғасын табуда. Бұған дейін Қоссейіт ауылдық округіндегі “Сырдария” жалпы білім беретін мектептің 2005 жылғы түлектері ауыл тұрғынына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстаған болатын. Енді Шардара қаласына қарасты Өтеғұл елді мекені мен Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің 20 жыл бұрынғы мектеп түлектері мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады.
1987-1988 жылы туған азаматтар ауыл тұрғыны Анарбек Айжановқа 7 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстаса, өтеғұлдық түлектер 4 бөлмелі баспананы мұқтаж ауыл азаматына сыйға тартты. Сауабы мол шараларға өңірдің құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары арнайы қатысып, үйлі болған жандарға жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, игі іске мұрындық болған түлектерге алғысын айтып, ақ баталарын берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
ВЫПУСКНИКИ ШАРДАРИНСКОЙ ШКОЛЫ ПОДАРИЛИ НУЖДАЮЩИМСЯ СЕМЬЯМ ТРЕТЬЕ ЖИЛЬЕ
В Шардаринском районе продолжаются благие мероприятия. Ранее выпускники 2005 года общеобразовательной школы “Сырдария” сельского округа Коссейит вручили ключи от трехкомнатного дома жителю села. Теперь выпускники школы 20-летней давности поселка Отегул и сельского округа К. Турысбеков города Шардара подарили жилье нуждающимся семьям.
Граждане 1987-1988 гг. рождения вручили ключи от 7-комнатного жилья жителю села Анарбеку Айжанову, а выпускники поселка Отегул подарили нуждающемуся сельскому гражданину 4-комнатное жилье. Почетные граждане региона, сельские аксакалы приняли участие в торжественных мероприятиях. Кроме того, они поблагодарили выпускников, которые были инициаторами доброго дела, а также благословили их.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области