Жаңалық

Жаңалық
ТӨЛЕБИДЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Төлеби ауданында көпбалалы аналар марапатталды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай көпбалалы аналарды құттықтап, 10 «Алтын алқа», 26 «Күміс алқа» иелеріне төсбелгілерді салтанатты түрде табыс етті.
– Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деге аталы сөз бар. Сіздер, мемлекетіміздің демографиялық әлеуетін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өздеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Мемлекеттік марапаттарыңыз құтты болсын!» – деді Амалбек Дәркенұлы құттықтау сөзінде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі