Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ
Польшаның Познань қаласында 22–25 мамыр аралығында өткен параканоэдан әлем кубогында түркістандық спортшы үздіктер қатарынан көрінді. Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бибарыс Спатай KL2 санатында 200 метр қашықтықта сынға түсіп, мәреге төртінші болып жетті. Бұл оның спорттық мансабындағы үздік көрсеткіш.
Айта кетейік, жарыс аса тартысты өткен. Алғашқы төрт финалист мәре сызығына небәрі бір секунд айырмашылықпен жеткен. Жарысқа барлығы 25 елден 127 пара-спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
ТУРКЕСТАНСКИЙ ГРЕБНОЙ МАСТЕР ВОШЕЛ В ЧИСЛО ЛУЧШИХ НА КУБКЕ МИРА
На чемпионате мира по параканоэ, который проходил в польском городе Познань с 22 по 25 мая, туркестанский спортсмен стал одним из лучших. Гребец специализированной детско-юношеской спортивной школы олимпийского резерва по водным видам спорта Туркестанской области Бибарыс Спатай в категории KL2 выступал на дистанции 200 метров и финишировал четвертым.
Отметим, что соревнования прошли очень напряженно. Первые четыре финалиста пересекли финишную черту в промежутке одной секунды. Всего в соревнованиях приняли участие 127 пара-спортсменов из 25 стран.
Стоить отметить, на данном заплыве Бибарс показал свой лучший результат за спортивную карьеру.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области