Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында болып, жұмыс барысын бақылады.
✔️Жалпы, 2 гектар аумақта орналасқан база мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.
✔️Сонымен қатар Нұрбол Тұрашбеков параболалық лоток өндірісінің құрылысын аралады. Мұнда қажетті құрылғылар орнатылған. Жұмыс аяқталуға жақын. Іске қосылғанда аталған өндіріс орны тәулігіне 30 параболалық лоток шығаратын болады. Параболалық лоток арық-атыздарға орнатылып, ағын судың шаруаларға шығынсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді.
✔️Облыс әкімінің орынбасары нысанды табиғи газбен қамту және шикізаттарды алу бойынша бірқатар тапсырма берді.
✔️«Тұран су» мекемесі облыс бойынша 2024 жылы 122,9 шақырым каналды механикалық тазалаудан өткізсе, биыл бұл көрсеткіш 236,7 шақырымға жетіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі