Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: САУРАНҒА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МУНИЦИПАЛИТЕТТЕР ОДАҒЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
✔️ Сауран ауданына Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы арнайы іссапармен келді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, бауырлас елдер арасындағы мәдени-экономикалық байланысты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл сапар – аудан тарихында айтулы оқиға.
✔️Делегация құрамында Хасан Кылча (әкім), Фахри Солак (Түркі әлемі муниципалитеттер одағының бас хатшысы), Мевлют Канат пен Омер Бюйүкгекер (қалалық мәслихат депутаттары), Мустафа Яйлажы (әкімнің орынбасары), Жихат Канйылмаз (әкім кеңсесінің атқарушы көмекшісі) және Майрам Байгонушева (ТВВ-ның сыртқы байланыстар жөніндегі маманы) болды.
✔️Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ әкімшілік басқарудағы тәжірибе алмасу жайын сөз етті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров делегацияны Сауран өңірінің әлеуетімен, инвестициялық жобаларымен, тарихи-мәдени мұрасымен кеңінен таныстырды.
✔️Түркі әлемі муниципалитеттер одағы делегациясының Сауран ауданына жасаған бұл сапары халықаралық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды. Қос тараптың өзара тәжірибе алмасуы, бір-бірімен тиімді әріптестік орнатуға ниетті екендігін көрсетіп, болашақтағы түрлі жобаларға жол ашты. Аудан басшысының бастамасымен ұйымдастырылған бұл кездесу Сауранның әлеуетін халықаралық қауымдастыққа таныстырумен қатар, бауырлас халықтар арасындағы тарихи байланыстарды жаңа мазмұнда жалғастыруға ықпал етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-------------------
ТУРКЕСТАН: САУРАН ПОСЕТИЛА ДЕЛЕГАЦИЯ СОЮЗА МУНИЦИПАЛИТЕТОВ ТЮРКСКОГО МИРА
✔️ Сауранский район посетила делегация Союза муниципалитетов тюркского мира. Этот визит с целью укрепления международного сотрудничества, развития культурно-экономических связей и обмена опытом между братскими странами является знаковым событием в истории района.
✔️В состав делегации вошли Хасан Кылча (мэр муниципалитета), Фахри Солак (генеральный секретарь Союза муниципалитетов тюркского мира), Мевлют Канат и Омер Бюйукгекер (депутаты маслихата), Мустафа Яйлажы (заместитель мэра муниципалитета), Жихат Канйылмаз (исполнительный помощник канцелярии мэра) и Майрам Байгонушева (специалист по внешним связям ТВВ).
✔️В ходе встречи стороны обсудили вопросы дружеских отношений между двумя странами, культурного и экономического сотрудничества, а также обмена опытом в административном управлении. Аким района Максат Тангатаров подробно ознакомил делегацию с потенциалом, инвестиционными проектами, историко-культурным наследием Сауранского района.
✔️Визит делегации Союза муниципалитетов тюркского мира в Сауранский район стал важным шагом, направленным на вывод района на международных уровень. Обмен опытом между двумя сторонами показал, что они намерены эффективно сотрудничать друг с другом, что открывает широкий путь для различных будущих проектов. Эта встреча, организованная по инициативе главы района, не только представила международному сообществу потенциал Саурана, но и способствовала продолжению исторических связей между братскими народами.
Пресс-служба акима Туркестанской области