Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпыаудандық сенбілік жалғасын тапты. Бүгін кезекті тазалық шарасы «Таза табиғат» кезеңі негізінде Қаратөбе ауылдық округі, Балдыберек өзенінің бойында өтті.
Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, жастар, еріктілер, мекеме қызметкерлері және тұрғындар белсене қатысты. Табиғат жанашырлары өзен жағалауын, саябақ маңын, көшелерді, ауыл маңайын, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.
Қоршаған ортаны тазарту, табиғатты қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатындағы сенбілікте 1 мыңнан астам белсенділер 22 шақырым Балдыберек өзен бойын тазалап, 27 тонна қоқысты 15 техниканың көмегімен арнайы орынға жеткізді.
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан»республикалық бағдарламасының мақсатын түсіндіруге арналған экологиялық акциялар, семинар және балаларға арналған танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Бұл халықты табиғатты аялауға шақырып, экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын көрсетуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
---------------
ТУРКЕСТАН: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОВОДЯТСЯ ПОСТОЯННЫЕ РАБОТЫ ПО ОЧИСТКЕ ТЕРРИТОРИИ
В рамках программы «Чистый Казахстан» в Толебийском районе продолжается общерайонный субботник. Сегодня очередное мероприятие по очистке территории прошло в рамках этапа «Таза табиғат» в сельском округе Каратобе, вдоль реки Балдыберек.
В субботнике активно приняли участие государственные служащие, молодежь, волонтёры, сотрудники учреждений и местные жители. Друзья природы очистили от мусора берега реки, территорию вокруг парка, улицы, окрестности села, дворы и другие общественные места.
В рамках субботника, целью которого является очистка окружающей среды, охрана природы и повышение экологической культуры населения, более 1000 активистов очистили 22 километра вдоль реки Балдыберек и вывезли 27 тонн мусора с помощью 15 единиц техники на специально отведённое место.
В Толебийском районе проводятся экологические акции, семинары и познавательные мероприятия для детей, направленные на разъяснение целей республиканской программы «Таза Қазақстан». Это способствует призыву населения бережно относиться к природе и подчеркивает важность экологического воспитания.
Пресс-служба акима Туркестанской области